«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей


Жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерлік шарт



бет32/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

Жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерлік шарт. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарт бойынша мердігер (жобалаушы, іздестіруші) тапсырысшыньщ тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және (немесе) іздестіру жұмыстарын жүргізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге міндеттенеді.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері.Тапсырысшы мердігерге жобалауға тапсырманы, сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау үшін қажетті өзге алғашқы мәліметтерді беруге міндетті.

Тапсырысшы шарт бойынша тапсырманы дайындауды мердігерге тапсыруға өкілденуі мүмкін. Мұндай жағдайда тапсырма жобасы әзірленгеннен кейін тапсырысшы қисынды немесе шартта белгіленген мерзімде тапсырманы (жобаны) бекітуге немесе оны қайтаруға міндетті. Тапсырысшымен бекітілген тапсырма, мердігерге міндетті болып табылады.

Жобалау және іздестіру жұмыстарын орындау кезінде, тап-сырысшы мердігерге шартта карастырылған көлемде және жағ-дайларда қызмет көрсетіп тұруы керек.

Жобалау және іздестіру жұмыстарын жүргізуді реттейтін нормалардың мағынасы бойынша тапсырысшы өзінің берілген тапсырмасын алғашқы берілген мәліметтерді жағдайлардың өзге-руіне сәйкес өзгертіп тұруға құқылы.



Мердігердің құқықтары мен міндеттері. Мердігердің негізгі міндеті жұмыстарды шарт жасасу кезінде жобалауға берілген бас-тапқы деректерге сәйкес орындау. Әрине, мердігер бұл жұмыс-тарды тиісті түрде мамандығына сәйкес орындауға міндетті. Мердігер дайын жобалау-сметалық құжаттаманы тапсырыс-шымен келістіруі қажет. Қажет болса ол тапсырысшымен бірге жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекет органдарымен және жергілікті басқару органдарымен келістіруде қатысуы керек. Бұл міндетті мердігерге жүктеудің өз себебі бар, мердігер маман болған соң оған жобалау-сметалық құжаттаманы құзыретті мем-лекеттік органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келістіру, оның бөлек тармақтарының, құрамаларының негіз-ділігін көрсету жеңілдеу болады. Мердігердің мемлекеттік орган-дарымен жобалау-сметалық құжаттама туралы келісуіне қатысуы белгілі бір дәрежеде жобалау жұмыстарының тиісті орындал-ғанына бақылауды жүзеге асыруға мүмкіншілік береді.

Жобалау және іздестіру жұмыстарының нәтижелерін беру мердігердің біртұтас (бөлінбейтін) міндеті болып келмегенімен міндеттеменің мәнісінен олардың бірге орындалып, олардың нәтижелерінің бірге берілгенінің тиімділігі көрініс табады, өйткені бұл жұмыстар (олардың нәтижелері) өзара тығыз байланысты. Сондықтан, егер шартта басқаша көзделмесе, мердігер тапсырысшыға дайын жобалау-сметалық құжаттаманы және іздестіру жұмыстарының нәтижелерін бірге беруге міндетті.

Мердігер тапсырысшының келісімінсіз жобалау-сметалық құжаттаманы үшінші тұлғаларға бермеуі керек.

Мердігерден орындалатын жұмыстың сапасының кепілдіктері мердігерлік туралы жалпы ережелерге сәйкес белгіленеді. (ҚР АК 630-633-б.). Жобалау және Іздестіру жұмыстарының өзгешелігі, олардың кемшіліктері жобаны іске асырғанда, іздестіру жұмыстарының деректерін пайдалану кезінде ғана табылуы мүмкін. Немесе сараптама (маман қорытындысы) қажет болады. Бірақ сараптама негізсіз тағайындалмайтыны түсінікті. Сондықтан, біздің ойымызша, мердігерге мердігерліктің бұл түрі бойынша нәтиже саласына қойылатын талаптың мерзімі жобаларды жүзеге асыру, іздестіру жұмыстарының мәліметтерін пайдалану басталған соң ағымын бастайтыны бекітілуі керек.

ҚР АК-ның мердігерлік кепілдіктері деп аталатын арнайы нормасы бар (617-б.), оның мазмұны өте тар, ол әрине тапсы-рысшының құқықтарының кепілдіктерінің бәрін қамти алмайды.

Аталған нормада жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерліктің өзгешелігі тікелей ескеріледі. Мердігер жобалау және іздестіру жұмыстарына арналған мердігерлік шарты бойынша тапсырысшыға мердігер әзірлеген жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде оның жұмысты орындауына үшінші тұлғалардың бөгет жасау немесе шектеу қою құқығының жоқтығына кепілдік беруге міндетті.

Мердігер тапсырысшыдан оның заңда немесе шартта көзделген барлық міндеттерін орындауды талап етуге құқылы.



Тараптардың жауапкершілігі. Тапсырысшының жауапкершілігі жалпы тәртіп бойынша белгіленеді. Жобалау және Іздестіру жұмыстарына мердігерлікті реттейтін нормаларда жобалау-сметалық құжаттаманың кемшіліктері үшін мердігердің жауапкершілігі бөлек қарастырылған. Мердігер жобалау және іздестіру жұмыстарының кез келген кемшіліктері үшін жауапты болады. Одан басқа, мердігер құрылысты салу барысынан кейін, сондай-ақ орындалған жобалау-сметалық құжаттама және іздсстіру жұмыстарының деректерінің негізінде салынған объектіні пайдалану барысында анықталған кемшіліктерді қоса алғанда, жобалау-сметалық құжаттаманың және іздестіру жұмыстарының кемшіліктері үшін жауапкершілікті көтереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет