«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет31/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

Құрылыс мердігерлігі. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір объектіні салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нәтижесін кабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттеледі.

Көрсетілген шарттың субъектілік құрамының ерекшеліктері бар, яғни шартта әрқашан мердігер жағынан кәсіпкерлік қызметінің субъектілері, әртүрлі лицензияланатын құрылыстық жұмыстарды жүргізу үшін рұқсаты (лицензиясы) бар құрылыстық ұйымдар немесе жеке кәсіпкерлер қатысады.



Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Объектінің салынуы, салынатын жер учаскесін белгілеуден басталады. Қазіргі заңға сәйкес, салынатын объектінің болашақ иесі жер учаскесін бөліп керек. Ол құрылыс салу үшін жер учаскесін шартта көр-сетілген көлемде және сондай күйде уақытылы беруге міндетті.

Шартта мұндай нұсқау болмаған жағдайда, жер учаскесінің көлемі мен күйі жұмыстың уақытылы басталуын, оның қалыпты жүргізілуін және мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуге тиіс. Шартпен жер учаскесін алу және құрылыс үшін керекті дайындық жұмыстарын, кіріс жолдарын тазалау және т.б. міндеттер мердігерге жүктелуі мүмкін. Бірақ, бұл жағдайда, мердігерлік шарт тапсырма шартының элементтерімен күрделенеді немесе мердігер жеке тапсырма шартының негізінде мұндай қызметті орындайды.

Шартта құрылыс ұйымы өз күшімен тұрғын үйді, ғима-ратты салатындығы қарастырылуы мүмкін. Мұндай шарт құры-лысты толық аяқтау туралы шарт деп аталады. Шарт ережелеріне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объекті тапсырылады. Мұндай шартта сатып алу-сату шартының тиісті мазмұны басым болады, мердігерлік (құрылыс мердігерлік) туралы нормалар тек керекті мөлшерде пайдаланылады. Құрылысты толық аяқтау туралы шартта құрылыста болуы ықтимал барлық тәуекелді мердігердің көтеретіндігі көзделеді. Егер өзгешелік шартында қарастырылмаса құрылысты толық аяқтағанға, тапсырысшыға жұмыстың нәтижесін тапсырғанға және жұмысқа ақы төлеуге дейін салынып жатқан объектінің иесі мердігер болып саналады. Құрылыстың материалдық жағынан қамтамасыз етілуін жартылай немесе толығынан тапсырысшы жүзеге асыратын құрылыс мердігерлік шартында қарастырылуы мүмкін.

Құрылыс мердігерлік шарты бойынша, бір немесе өзге са-ладағы міндетті талаптарға сәйкес келуі тиіс күрделі жұмыстар жүргізілуіне байланысты, мердігер жұмысты өзінің қамқорлы-ғымен орындауымен бірге, құрылысты және онымен байланысты жұмыстарды жобалау құжаттамасына да сәйкес жүргізуге міндетті.



Қазақстан Республикасында архитектуралық, қала құры-лысы және құрылыс қызметі туралы "Қазақстан Республика-сының Заңындағы 7-баптың 1-тармағына сәйкес жобалау құжат-тамаға мыналар кіреді: қала құрылыстық жобалар; архитектуралық жоба; құрылыс жобасы (құрылыстық жоба): көлем-жоспарлық,
конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат сақтау,
экономикалық және тағы басқа шешімдерден тұратын жобалық
(жобалау-сметалық) құжаттама және құрылысты ұйымдастыру
мен жүргізу, аумақты инженерлік даярлау, жайластырушылыққа
байланысты сметалық есептер.

Құрылыс жобаларға аяқталмаған объектілердің құрылысын тоқтатып қою жобалары және өзінің
мүмкіншілігін тауысқан объектілерді бұзу (таратудың) жобалары жатады.

Тапсырысшы қосымша жұмысқа және оған ақы төлеуге келісім берген кезде, жұмыс мердігердің кәсіби қызмет аясына кірмейтін не мердігерге байланыссыз себептермен орындал-майтын болған жағдайларда ғана мердігердің аталған жұмысты орындаудан бас тартута құқығы бар.

Тапсырысшы жобалау-сметалық құжаттамаға мердігер үшін қосымша шығындарға не (немесе) жұмыстың орындалу мерзімін үзартута байланысы жоқ өзгерістер енгізуді талап етуге құқылы. Мердігер үшін қосымша шығындарды керек ететін жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу тараптардың келісілген қосымша сметасының негізінде тапсырысшының есебінен жүзеге асырылады. Егер мердігерге байланыссыз себептермен жұмыс құны сметадан кемінде он процентке асып кетсе, ол сметаны қайта қарауды талап етуге құқылы.

Жобалау-сметалық құжаттамадағы, мұндай құжаттама өзінің тапсырысы бойынша жасалған жағдайларды қоспағанда, мердігер жобалау-сметалық құжаттамада жаңсақтықтарды анықтауға және жоюға байланысты шығарған қисынды (керекті) шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Мердігер құрылыс барысында тапсырысшыдан алған нұсқауларды, егер ондай нұсқаулар шарттың талаптарына қайшы келмесе және мердігердің жедел-шаруашылық қызметіне залалы болмаса, орындауға міндетті. Тапсырысшы шартта көрсетілген мақсат үшін жұмыс нәтижелерін пайдалана алмайтындай кемшіліктер анықталған жағдайда және оларды мердігер, тапсырысшы немесе үшінші тұлға жоя алмайтын болса, жұмыс нәтижелерін қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Кемшіліктер анықталған жағдайларда олар жөнінде актіде көрсетілуге тиіс. Кейбір жағдайларда, егер олар заң актілерінде көзделсе, салынған объектілерді мемлекеттік комиссия кабыл-дауға тиіс, салынған объектілерді мемлекеттік қабылдаудың тәр-тібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеу қажет және онымен мемлекеттік органдардың аралық қабылдауларға қатысу мүмкіндігі айқындалуы керек.

Құрылыс мердігерлігі шартымен әдетте орындалған жұмыс нәтижелері сапасының кепілдіктері қарастырылады. Мердігер, егер өзгешелік шартпен қарастырылмаса, бүкіл кепілдік мерзімі ішіндс құрылыс объектісінің жобалық-сметалық құжаттамасында көрсетілген көрсеткіштерге ие болуына және объектіні пайдалану мүмкіндігіне кепілдік береді. Егер заңнама актілерімен немесе шартпен кепілдік мерзімі көзделмесе, АК 665-бабының 1-тармағына сәйкес, кепілдік мерзімі тапсырысшы объектіні қабылдаған күннен бастап он жылды құрайды.

Кепілдік мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер үшін, егер кемшіліктер объектінің немесе оның бөліктерінің қалыпты то-зуының, оны дұрыс пайдаланбаудың немесе тапсырысшы өзі не-месе ол тартқан үшінші тұлғалар жасаған пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың дұрыс болмауының салдарынан болғанын дә-лелдей алмаса, мердігер жауапты болады.

Шартпен тапсырысшының талап етуі бойынша және тапсырысшының есебінен мердігер жауапты болмайтын кемшіліктерді (ақаулар мен шала істелген жұмыстарды) мердігердің жою міндеті көзделуі мүмкін. Кемшіліктер шарттың нысанасымен байланысты болмаған немесе жұмыстар өзіне қа-тысы жоқ себептермен мердігермен орындалуы мүмкін болмайтын жағдайларда мердігер кемшіліктерді жоюдан бас тартуға құқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет