Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
Тұрмыстық мердігерлік. Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша, кәсіпкерлік кызметті жүзеге асырушы мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған белгілі бір жұмысты орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.
Тұрмыстық мердігерлік шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бірге бұл шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады.
Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша сгер заң актілерінде немесе шартта, оның ішінде формулярлар ережелерінде немесе тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе, тұрмыстық мердігерлік шарты мердігердің тапсырысшыға түбіртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиісті нысанда жасалған болып есептеледі.
Жұмысты орындауға берілген тапсырыста (шартқа немесе нысандағы құжатта) мыналар көрсетілуі тиіс: орындаушының заңды мскен-жайы; тапсырысшының тегі және аты, оның мекен-жайы және телефоны; тапсырыс қабылданған мерзім, тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзімі, аванс сомасы (толық сомасы), тапсырысты қабылдаған және өткізген тұлғалардың қолы, қызмет көрсету (жұмыс) түрлері, орындаушы меы тұтынушының материалдарының (заттарының) толық тізімі, бағасы жөне саны (қанша материалдар жұмыс орындау үшін қажет екені көрсетіледі), жөндеуге берілген заттың зауыттық нөмірі және өзге де реквизиттер. Түбіртектегі бұндай толық ақпарат болуына талаптар тұрмыстық мердігерлік шарты жазбаша нысанда жасалатынын білдіреді. Алайда тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактісін немесе оның ережелерін растауда куәгерлік айғақтарға сілтеме жасау құқығынан айырмайды.
Тұрмыстық мердігерлік шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкін. Және жетон, талон, кассалық түбіртек және тағы басқаларды берумен расталуы мүмкін. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе мердігердің эскизі бойынша немссе үлгілері бойынша қабылданады.
Тапсырысшы өзіне жұмыс нәтижелерін өткізгенге дейін кез келген уақытта шарттан бас тартуға құқығы бар. Бас тартуы алдында ол орындалған жұмыс үшін мердігерге белгіленген бағаның бір бөлігін төлеуі керек. Бұл міндет мердігер жұмысты тапсырысшыдан ол шартты бұзатыны туралы хабарлама алғанға орындалса ғана келеді. Тапсырысшы мердігердің мәлімдеме жасау сәтіне дейін орын алған өзге де шығындарын өтеуге міндетті. Ал негізінен тапсырысшының әрқашан шартты бір жақты бұзуға құқығы бар және одан айыратын тұрмыстық мердігерлік шартының жағдайлары жарамсыз болып келеді.
Мердігердің негізгі міндеті шарт талаптарына және міндетті талап етілген стандарттарға сай жұмысты орындау. Кейбір жағдайларда жұмыс мердігердің материалдарымен орындалады. Мұндай жағдайда ол материалдар сапасының стандарттар мен шарт талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті. Мердігер жұмысты шартта қарастырылған мерзімде бітіруге тиіс. Тапсырысты орындау мерзімі азаматтық құқықтағы мерзімдерді есептеудің жалпы ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Мерзім жұмыстың орындалып біту уақытымен және жұмысты орындауға кірісу уақытымен анықталынады.
Мердігер, егер төтенше және бой бермейтін (дүлей) күш жағдайлары орын алса, осының себебінен материалдардың бүлі-нуі, жұмыстың тиісінше орындалмағаны үшін жауапкершілікті көтермейді.
Жиһаздарды жөндеу және дайындау, құрылыстарды салу, жөндеу, аяқ киімдерді, тігін және тоқыма бұйымдарды ірі жөндеу, жаңарту мердігерлік шарттары бойынша, тапсырысшы көрсетілген мөлшерде аванс төлеуі мүмкін.
Тапсырысшы орындалған жұмыс нәтижесін алуға келмеген немесе тапсырысшы оларды қабылдаудан жалтарған жағдайда, мердігер тапсырысшыға жазбаша түрде ескерте отырып, сол ескерткен күннен бастап 2 ай өткен соң мердігерлік нысанасын қисынды бағаға сатады. Одан түскен соманы мердігер өзіне тиесілі барлық төлемді шегеріп, қалғанын тапсырысшының атына нотариустың депозитіне салуға құқылы. Мердігер өзінің таңдауы бойынша мердігерлік нысанасын сатудың орнына, оны ұстап қалу немесе тапсырысшыдан келтірілген залалды өндіріп алу құқығын пайдалана алады.
Тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдаған сәтте анықталған кемшіліктер 7 күн ішінде жойылуы тиіс, шартпен бұдан қысқалау мерзім қарастырылуы мүмкін. Шарттың тоқтатылу салдары тиісті тараптың құқықтық мирасқоры мен оның келісімшарт жасасушы агентінің арасындағы келісім бойынша, ал олар келісімге келмесе орындалған жұмыстың мөлшері мен бағасы, жұмсалған және сақталған материалдың құны, сондай-ақ басқа да елеулі жағдайлар ескеріле отырып сот арқылы айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |