5. Міндеттемені орындау мерзімі және орны. Міндеттеме белгіленген мерзімде орындалуы қажет. Орындау мерзімі нақты анықталған міндеттемелер және орындалу мерзімі талап ету сәтімен анықталатын міндеттемелер ажыратылады. Орындалу мерзімі нақты анықталған міндеттемелер міндеттемені орындау күнін немесе уақыт кезеңін белгілейді немесе анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай міндеттемелер сол күні немесе тиісті уақыт кезеңі ішінде кез келген сәтте орындалуы қажет (АК 277-бап).
Міндеттемеде ол орындалатын мерзім көзделмесе және бұл мерзімді анықтауға мүмкіндік беретін шарттар болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан ақылға қонымды мерзімде орындалуы тиіс. Ақылға қонымды мерзім ретінде міндеттемемен көзделген әрекеттерді жасау үшін қажетті уақыт кезеңі түсініледі. Ақылға қонымды мерзімде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзімі талап ету кезімен белгіленетін міндеттемені, егер заңдардан, міндеттеме шарттарынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндетеме басқа мерзімде орындау міндетті туындамаса, борышқор несие беруші оның орындалуы талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімде орындауға міндетті(АК 277-б.2-т.).
Егер заңдарда немесе міндеттеме шартарында өзгеше көзделмесе, және оның мәнінен туындамаса, борышқор міндеттемені мерзіміне дейін орындауға құқылы. Міндеттемені белгіленген мерзімде орындамау мезімді өткізіп алу деп аталады, міндеттемені бұзушылық пайда болады. Мерзімді өткізіп алуға несие беруші де борышқор да жол беруі мүмкін.
Міндеттеме орындалатын жер.Міндеттеменің орындалуы жүргізілуі тиіс жер жеткізу бойынша шығындарды бөлуге әсер етеді, тауарды қабылдау жене беру орнын анықтайды, қолдануға жататын заңды таңдауды және т.б. анықтайды. Әдетте, орындалатын жер міндеттеменің өзінде анықталады не оның мәнінен туындайды. Егер орындалатын жер анықталмаса, онда АК 281-бабына сәйкес міндетемені орындау келесі жерлерде жүргізілуі керек: 1)қозғалмайтын мүлікті беру міндеттемесі бойынша – мүлік орналасқан жерде; 2)тасымалдауды пайдалана отырып тауарды немесе өзге мүлікті беру міндеттемелері бойынша – мүлікті несие берушіге жеткізу үшін оны бірінші тасымалдаушыға тапсыратын жерде; 3)тауарды немесе өзге мүлікті беру жөнінде кәсіпкердің өзге міндеттемелері бойынша – мүлік дайындалатын немесе сақталатын жерде, егер бұл жер міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі болса; 4)ақшалай міндеттеме бойынша - несие берушінің міндеттеме пайда болған кездегі тұрғылықты жерінде, ал егер несие беруші заңды тұлға болса – міндеттеме пайда болған кезде оның болған жерінде, егер несие беруші міндеттеменің орындалу кезінде тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін өзгертіп, бұл туралы борышқорға хабарласа – орындалатын жердің өзгеруіне байланысты барлық шығындарды соның есебіне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерінде немесе тұрған жерінде; 4)басқа барлық міндеттемелер бойынша – борышқордың тұрғылықты жерінде, ал егер борышқор заңды тұлға болса- оның орналасқан жерінде орындалуы тиіс.
6.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдістерге заңда немесе шартта көзделген, борышкердің міндеттемені тиісінше орындауына ынта беретін және несие берушінің мүдделерін қорғауды жеңілдететін, мүліктік сипаттағы арнайы шаралар жатады.
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдістердің белгілері: - мүліктік сипаты; - несие берушінің мүддесін қамтамасыз етеді және міндеттеменің орындалуын қамтамсыз етуге бағытталған; - заң не тараптардың келісімі негізінде бегіленеді; - қасымша (акцессорлық) сиапты; - олар, міндетеменің орындалмауынан не тиісінше орындалмауынан несие берушіге зиян келтірілу-келтірілмеуіне байланыссыз қолданылады; - оларды қолдану мүмкіндігі, әдетте борышқорда ақы өндіріп алуғу болатын мүліктің болуына байланысты емес.
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің түрлеріне АК 292-б. 1-т. сәйкес: - тұрақсыздық төлем; - кепіл; - кепілдік; - кепіл болушылық; - кепілпұл; - мүлікті ұстап қалу; заңдарда немесе шартта көзделген басқа да әдістер (мысалы, кепілдік жарна).
Міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі ретінде тұрақсыздық айыбы – бұл, борышқор міндеттемені орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті (негізгі міндеттемеге қосымша ретінде), заңдармен не шартпен белгіленген ақша сомасы (айыппұл, өсім). Тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз етудің мақсаты — борышкерді қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша өз міндетін оны күрделендіріп алмау қаупімен дәл орындауға мәжбүрлеу, ал күрделенген жағдайда - міндеттеме нысанын құрайтын міндеттер көбейеді, белгілі бір ақша сомасын төлеу түрінде қосымша міндеттер пайда болады. Тұрақсыздық айыбы алдын ала анықталған ақша сомасын білдіреді.Тұрақсыздық айыбының мөлшері мен оны анықтау тәртібі тараптардың келісімімен немесе заңнамамен белгіленеді.