Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Міндеттемені тиісінше орындау принципі



бет44/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

Міндеттемені тиісінше орындау принципі, яғни тиісті борышқормен, тиісті несие берушіге, тиісті мерзіде, тиісті жерде, тиісті нысанаға қатысты және тиісті әдіспен орындау. Осы талаптардың барлығы сақталса міндеттеме тиісінше орындалды деп есептелінеді. Тиісінше орындамау несие берушіге реалды орындауды талап етуге және азаматтық-құқықтық жауапкершілік шараларын қолдануға негіз береді.

  • Міндеттемені заттай орындау принципі, яғни оларды залалдарды өтеумен немесе ақша сомаларын төлеумен ауыстырмай, борышқордың міндеттеме жағдайларымен көзделген әрекеттерді жасауы. Міндеттемені тиісінше орындамаумен келтірілген залалдарды өтеу және айып төлеу борышқорды міндеттемені заттай орындаудан босатпайды; ал міндеттеме орындалмаған жағдайда залалдарды өтеу және айып төлеу, керісінше, борышқорды міндеттемені заттай орындаудан босатады(егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе(АК 354-бап).

  • Міндеттемені орындаудан бір жақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмеуі, заңдармен немесе шартармен көзделген жағдайларды қоспағанда.

    4. Міндеттемені орындау нысанасы және тәсілі.
    Міндеттемені орындау нысанасы – бұл міндемеге сәйкес борышқор несие берушіге беруге, орындауға немесе көрсетуге міндетті болатын зат, жұмыс немесе қызметтер. Орындау нысанасы ретінде заттар, ақша, міндеттемелік құқықтар, интелектуалдық меншік, мүліктік кешен және т.б. болады.
    Олардың сақталуы міндеттеменің тиісінше орындалуымен байланысты, жекелеген элементтер АК-тің жекелеген баптарында белгіленеді, мысалы, орындайтын субъектілер туралы талап (275,276-б/р.), мерзім туралы(277-б.), орындалатын жер туралы(281-б.), орындау әдісі туралы(284-288, 290, 291 б/р) ережелер.
    Заң ақшалай міндеттемелерді орындауға қатысты ерекше талаптарды белгілейді (АК 282-б.). Ақшалай міндеттеме дербес (заем шарты бойынша) немесе байланысты (сатып алынңған затқа ақы төлеу) болуы мүмкін. ҚР заң актілерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚР-ның аумағындағы ақшалай міндеттемелер тенгемен жүргізілуі тиіс (АК 127-бап). ҚР-ның аумағында міндеттемелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асырған кезде шетел валютасын, сондай-ақ шетел ваютасы түріндегі төлем құжаттарын ҚР-ның заң актілерімен көзделген реттер мен жағдайларда жол беріледі. Ақшалай міндеттемеде қарыз шетел валютасының бегілі бір сомасына эквивалентті сомада тенгемен төленуге жататындығы көзделуі мүмкін. АК 282-бап талаптарын бұзу, яғни ақшалай міндеттемелердің шетел валютасында көрініс алуы немесе төленуі, заң талаптарына сәйкес келмейтін мәміле ретінде мәмілені жарамсыз деп тануға соқтыруы мүмкін.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   150




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет