Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Талап етуді беру (цессия)



бет43/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   150
Талап етуді беру (цессия) – алғашқы несие беруші мен жаңа несие беруші арасындағы нақты міндеттеме бойынша талап ету құқығының соңғысына ауысатындығы жөнінде шарт. Бұл шарт кез келген құқықтық нысанда, және ақылы да ақысыз да болуы мүмкін, мыс., сатып алу – сату, сыйға тарту. Талап ету құқығын беру ерекшеліктері:

  • жалпы ереже бойынша борышқордың келісімі емес, оны жай хабардар ету талап етіледі;

  • бастапқы несие беруші жаңа несие берушінің алдыңда берілген талаптардың жарамсыздығы үшін ғана жауап береді, ал бұл талапты борышқордың орындамағандығы үшін жауап бермейді;

  • егер несие берушінің жеке тұлғасы борышқор үшін елеулі маңызды болса, борышқордың келісімінсіз талап ету құқығын беруге жол берілмейді;

  • жеке құқықтарды, мысалы, адименттерді төлеу туралы талаптар және денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, заңға және шартқа қайшы талаптарды беруге жол берілмейді.

Жеке сипатта болмайтын міндеттемеде борышқордың ауысуы келесі жағдайларда болады:

    1. әмбебап құқықтық мирасқорлық;

    2. борышты ауыстыру, яғни нақты міндеттеме бойынша борыштың үшінші тұлғаға ауысатындығы туралы борышқор мен үшінші тұлға арасындағы келісім. Борышты ауыстыру тек несие берушінің келісімі бойынша жол беріледі.

Борышты ауыстыру ол бойынша міндеттер ауысатын мәміле нысаны сияқты нысанда жасалады. Борышқордың міндеттері қандай да бір өзгерістерсіз ауысады, сондықтан жаңа борышқор несие берушімен бастапқы борышқордың арасындағы қатынастарға негізделген қарсылықтарын несие берушінің талабына қарсы қоюға құқылы (АК 348-бап).
3. Міндеттемені орындаудың түсінігі және принциптері.
Міндеттемені орындау – оны несие беруші талап етуге құқығы болатын, борышқордың тиісті әрекеттерді жасауы(тауарларды беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету, шығындарды өтеу және т.с.с.). Міндеттемені орындау міндеттеме түріне байланысты және әдетте белсенді әрекеттер жасау арқылы орындалады.
Міндеттемені орындаудың негізгі принциптері:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет