Тұрақсыздық айыбының түрлері: 1) белгілену көзі бойынша: а)шарттық; б)заңдық, яғни заңмен анықталған тұрақсыздық айып. Ол, тараптардың келісімінде оны төлеу міндеті көзделмегеніне қарамастан қолданылады.
Тұрақсыздық айыбы өсім немесе айыппұл түрінде де болады.
Тұрақсыздық айыбын өндіріп алу құқығының залалды өндіріп алу құқығымен ара қатынасына байланысты тұрақсыздық айыбы есептік, айыптық, баламалық, және ерекше больш бөлінеді.
Тұрақсыздық айыбы туралы келісінің нысаны – жазбаша.Жазбаша нысанды сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.
7. Кепілпұл. Кепілдік және кепіл болушылық. Кепілпұл дегеніміз келісуші тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатың төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома. Кепілпұл туралы келісім, оның сомасына және негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, оның жарамсыздығына әкеліп соқтыру қауіпімен жазбаша түрде жасалуы тиіс. Егер негізгі міндеттемені нотариус куәландыруы тиіс болса, кепілпұл туралы келісімнің заңдылығы үшін жай жазбаша форма жеткілікті (АК 337-б. 2-т.).
Кепілпұлдың функциялары: 1)төлемдік (негізгі міндеттеме бойынша төлемдердің есебіне беріледі); 2)куәландырушы (кепілпұл шарттың жасалғандығын куәландыруға беріледі); 3)қамтамасыз етуші (кепілпұл негізгі міндеттеменің есебіне жатқызылады және осы бөлікте оның орындалуына кепілдік береді). Егер міндеттеменің орындалмауына кепілпұл берген тарап жауапты болса, ол екінші тарапта қалады, ал егер кепілпұл алған тарап жауапты болса, ол екінші тарапқа кепілпұлдың екі еселенген сомасын төлеуге міндетті. 4)өтемелілік (шартта өзгеше көзделмесе, міндеттеменің орындалмауына жауапты тарап екінші тарапқа кепілпұл сомасын ескере отырып, шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті).
Кепілдік пен кепіл болушылықтың міндеттемені қамтамасыз eтy тәслі ретіндегі мәні — борышкердің міндеттемені тиісінше орындау жөніндегі жауапкершілікті үшінші жақтарға тарату және оларды, орындауға міндетті адамдар қатарына тарту.
Кепілдік бойынша кепілдік беруші (әрі қарай кепілші) деп аталатын тұлға басқа тұлғаның (борышқордың) несие бepyшіci алдындағы міндеттемесінің орындалуына сол негізгі борышқормен толық немесе ішінара ортақтасып жауап беруге міндеттенеді.