Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершілік нысандары ретінде



бет50/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

Міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершілік нысандары ретінде құқық бұзушыға қолданылатын қолайсыз мүлiктiк салдарлар түсiнiледi. Міндеттеменi бұзғандығы үшін азаматтық-жауаптылық мынадай нысанда болады: шығынды өтеу; тұрақсыздық айыбын төлеу; кепіл-пұлды жоғалту не кепiлпұлдың қайтарылған сомасынан басқа қосымша сома төлеу; қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған мәмiле бойынша алынғанның бәрiн мемлекет пайдасына тәркiлеу; кепiлге салынған мүлiкке, сондай-ақ ұстап қалынған мүлiкке меншiк құқығын жоғалту; моральдық залалдың орнын толтыру және т.б. Шығынды өтеу мен тұрқсыздық айыбын төлеу, жауаптылықтың неғұрлым кең таралған түрлерi.
Құқық бұзұшының жауапкершілігінің негізіне қарай шарттық және шарттан тыс жауапкершілік болып бөлінеді.
Жауапкершіліктің айрықша бір түрі ретінде борышкердің бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікті атау керек. Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін АК-ның 353-бабына сәйкес заңды тұрақсыздық айыбын төлеу көзделген. Бөтеннің ақашасын заңсыз пайдалану дегеніміз ақша міндеттемесін орындамау (ақша төлеу жөніндегі міндеттемелер) не оны төлеудің мерзімін өткізіп алу, басқа адамның есебінен ақшаны негізсіз алу және сақтау және т.б.
Борышкер жағындағы адамдар көп болса, олардың арасында жауапкершілікті бөлу өзінің сипатына қарай үлесті, ортақтастық және субсидиялық жауапкершілік болып келеді..
Жауапкершіліктің айрықша түрлері – борышкердің өз қызметкерлерінің әрекеті үшін жауапкершілігі , борышкердің үшінші жактың әрекеті үшін жауапкершілігі ажыратылады .
9. Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық шарттары
Міндеттемені бұзғандығы үшін жауаптылық шараларын қолдануға негіз болып, тұлғаның міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау түрінде азаматтық құқық бұзушылық жасауы.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті жүктеуінің жалпы шарттары мыналар: 1) бұзұшының құқыққа қарсы қылығы; 2) залалдың немесе шығынның болуы; 3) құқыққа қарсы қылық пен зиян әкелген салдарлар арасында себептік байланыстың болуы; 4) құқық бұзұшының кінәсінің болуы. Бұл аталған жағдайлар құқық бұзушылық құрамын құрайды.
Барлық міндеттемелік құқық бұзушылықтың құрамдарын біріктіретін екі жалпы принцип бар: 1. кінә принципі 2. келтіру принципі . Кінә принципіне сәйкес жауапкершілік, құқық бұзушының кінәсінің азаматтық-құқықтық жауапкершілік жүктеу үшін қажетті шарты ретінде болуын көздейді, ал келтіру принципіне сәйкес — азаматтық-құқықтық жауапкершілікті жүктеу шарты ретінде кінәнің болуы қажет емес. Сонымен қатар, кінә принципі мен келтіру принципіне сәйкес жауапкершілік қолдану үшін оларды біріктіретін, объективтік жағына жататын жағдайлар: борышкердің, құқыққа қайшы қылығы және осы қылық пен құқық бұзу арасындағы себептік-салдарлық байланыс болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет