Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Кепіл міндеттемесінің тараптары: -



бет49/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   150
Кепіл міндеттемесінің тараптары: -кепілге беруші; кепіл ұстаушы. Кепіл: 1)шарт негізінде; 2)заң құжаттарының негізінде пайда болуы мүмкін. Кепіл туралы шарт жазбаша нысанда жасалады, жазбаша нысанды сақтамау шарттыңжарамсыздығына соқтырады. Мемлекеттік тіркелуге тиісті мүлік кепілге салу осы мүліктің тіркелуін жүзеге асыратын органда тіркелуге тиіс.
Кепілдің келесі ерекше түрлері ажыратылады:

  • Ипотека – кепілге салынған мүлік кепіл берушіде қалатын немесе үшінші бір тұлғаға берілетін кепіл түрі;

  • Кепілзат – кепілге салынған мүлік кепіл ұстаушыға берілетін кепіл түрі.

  • Ломбардта заттардың кепілі – бұл жағдайда егер кепілге салынған мүлікті сатудан түскен сомма кепіл ұстаушының (ломбарттың) талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, соңғысы борышқордың өзге мүлкінен ақы өндіріп алуға құқығы болмайды.

  • Айналымдағы тауарлардың кепілі – бұл жағдайда кепіл мәнінің құрамын және табиғи нысанын өзгертуге жол беріледі (тауарлық қорларды, шикізаттарды және т.с.с.), бұл ретте олардың ортақ құны кепіл шартында белгіленгенінен төмен болмауға тиіс

Кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу тәртіптері: 1)соттық тәртіп 2)соттан тыс тәртіп, яғни мүлікті сенім білдірілген тұлға арқылы өткізу.
Кепілдің тоқтатылу жағдайлары АК 332-бабында баяндалған.


8. Міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершілік түсінігі және нысандары.
Міндеттеменi бұзғандық үшін жауапкершілік азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің бip түрiне жатады, ол субъективтiк азаматтық құқық бұзушыға қосымша азаматық-құқықтық мiндеттердi немесе оған тиеслі азаматтық құқықтан айыру түрiнде мемлекеттiк мәжбүлеумен қамтамасыз етiлген қосымша мүлiктiк айыруды жүктеуге бағытталған, субъективтiк азаматтық құқықтық қорғаудың арнайы құқық қорғау шараларын қолдану деп анықталады.
АК 349-б. сәйкес жауапкершілік қоданудың негiзi болып оның бұзылуы саналады, және міндеттемені бұзғаны үшін борышқорды жауапқа тарту несие берушунің талабы бойынша жүзеге асырылады.
Міндеттемені бұзу, әдетте, екі түрге бөлінеді: 1)міндеттемені орындамау, яғни міндеттемені толықтай бұзу; 2)міндеттемені тиісінше орындамау, міндеттемені оның мазмұнында анықталған қандай да бір жеке жағдайларды бұзып орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет