Байланысты: аза стан Республикасыны білім беру ж йесіні рылымы
Тұқым қуалаушылық – ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине, бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады.
Орта – адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Жеке тұлғаның дамуы әсер ететін факторлар және олардың ішкі, сыртқы деп бөлінуі: Сыртқы: орта-> табиғи және әлеуметтік, тәрбие-> тар мағынада және кең мағынада Ішкі: тұқым қуалаушылық -> жеке даралық және жалпы адамзаттық Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына, әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен, ал солтүстікте балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтарында ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері.
Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктіреді:
Мегафакторлар: космос, неосфера, планета, әлем. Бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.
Макрофакторлар: ел, мемлекет, этнос, қоғам. Бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүретін тұрғындардың әлеуметтендіру жағдайына әсер етеді.
Мезофакторлар: тұрғылықты жерде халықтың болмыс-түрі, әртүрлі субьмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобының әлеуметтеңдіру жағдайы.
Микрофакторлар: ұстаз бен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум, яғни белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады.
Тұлғаның дамуына әсер ететін іс-әрекет түрлері: ойын, оқу, еңбек, таным.
Ойын – бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінезқұлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімделіп, өзін еркін сезінуге үйретеді. Ойын – балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Бастауыш мектеп кезеңінің негізгі іс-әрекет түрі оқу іс-әрекеті болып табылады. Баланың мектеп табалдырығын аттағандықтан, бұл кезең оның қатынастарының барлық жүйесін жанамалай бастайды.
Оқу іс-әрекетінің негізінде бала адамзаттың өндірген іскерліктерін меңгере бастайды, өз жұмысын көпшілік үшін міндетті ережелерге бағындыру дағдыларына бой ала бастайды. Адам іс-әрекетінің негізгі түрі – еңбек болып табылады. Ал еңбек әрекетіне араласқан адамның басты ерекшеліктерінің бірі – оның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады .