Қазақстан Республикасының Білім және Ғылы Министрлігі


Ағынның гидравликалық элементтері



бет16/62
Дата27.09.2023
өлшемі5,28 Mb.
#111157
түріКонспект
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62
Байланысты:
Конспект лекций по МЖГ на каз

3. Ағынның гидравликалық элементтері


Ағынның нақты қимасы – сұйықтық қозғалысына нормаль (перпендикуляр) бағытталған ағын шегіндегі көлденең қима.
Нақты қима үш негізгі сипатқа ие:
- нақты қима ауданы - (омега), м2;
- суланған периметр–сұйықтық канал немесе құбырдың қатты қабырғаларымен жанасатын ағынның нақты қимасының периметрінің
бөлігі- (хи), м;
- гидравликалық радиус
нақты қима ауданының суланған периметрге қатынасы - , м. Гидравликалық радиус келесі формуламен анықталады:
. (3.4)
Жылумен қамтамасыз ету және желдету жүйелерін гидравликалық есептеу кезінде эквивалентті диаметр түсінігі қолданылады, ол төрт гидравликалық радиусқа тең:
. (3.5)
3.1 кестеде әртүрлі пішінді ағындар үшін гидравликалық радиустар келтірілген (А.И.Куприн бойынша).

3.1 кесте- Әртүрлі пішінді ағындар үшін гидравликалық радиустар (А.И.Куприн бойынша)





Ағын
пішіні

Нақты
қима

Суланған
периметр

Гидравликалық радиус




















































































Ағын шығыны – бірлік уақытта ағынның нақты қимасы арқылы өтетін сұйықтық көлемі, , м/с, м3/ч.
Ағынның салмақтық шығыны –бірлік уақытта ағынның нақты қимасы арқылы өтетін сұйықтық салмағы, , кг/с, т/ч. Салмақтық және көлемдік шығындар арасында келесі тәуелділік орын алады:
. (3.6)
Ағынның орташа жылдамдығы –ағын шығынының нақты қимасының ауданына қатынасы, , м/с
. (3.7)
Сұйықтықтың орныққан қозғалысындағы ағынның орташа жылдамдығы – шығындағы берілген нақты қима бойынша сұйықтықтың барлық бөлшектеріне сәйкес нақтылы жылдамдықпен қозғалатын барлық нүктелерге бірдей ағын жылдамдығы.
4. Құйынды қозғалыс


Сұйық бөлшектің траекториясы –қозғалыс барысында сұйық бөлшек салатын қисық сызық.
Сұйық бөлшек –пішінін өзгертуін ескермеуге болатын сұйықтықтың аз көлемі.
Сұйықтықта қозғалатын ағын өз пішіндерін өзгертпейтін қарапайым құйыншалардан тұрады деп алайық, яғни ағынды ойша қарапайым құйыншалар қатарына (трубкалар) бөлеміз. 3.1 суретте сұйықтықтың құйындық қозғалысының моделі көрсетілген.

3.1 сурет– Сұйықтықтың құйындық қозғалысының моделі


Орныққан қозғалыста орналасқан сұйықтық ағынын қарастырайық (3.2 сурет). Бір-бірінен арақашықтықта алынған, осы ағынның 1, 2 ,3 ... нүктелерінде берілген уақыт кезіндегі сұйықтықтың бөлшектерінің шамасы мен қозғалыс жылдамдығын сипаттайтын векторларын жүргіземіз.


3.2 сурет– Сұйықтықтың ағын қозғалысының векторлық сүлбесі


Сұйықтықтың бөлшектерінің қозғалысының векторларына жүргізілген және берілген уақыт кезінде сұйықтық бөлшектерінің ретті бағытын сипаттайтын жанама қисық тоқ сызығы деп аталады.
Траектория белгілі бір уақыт аралығында сұйықтықтың бір бөлшегінің қозғалу жолын көрсетеді, ал тоқ сызығы әртүрлі бөлшектерді біріктіріп және уақытта қозғалып жатқан сұйықтықтың кейбір шапшаң сипаттамасын береді.
Егер қозғалатын сұйықтықта шексіз аз тұйық контурды белгілеп алып және сәйкес уақыт кезіне байланысты оның барлық нүктелері арқылы тоқ сызығын жүргізсек, онда тоқ трубкасы деп аталатын трубкалы өткізбейтін бет пайда болады. Тоқ трубкасының ішінде қозғалатын сұйық салмағы қарапайым құйыншаны тудырады.
Қарапайым құйынша екі қасиетке ие:
а) бір нақты қимадағы құйыншалардың көлденең қималарының жылдамдықтары мен аудандары олардың аздығынан өзгермейді;
б) әртүрлі нақты қималардағы құйыншалардың көлденең қималарының жылдамдықтары мен аудандары өзгеруі мүмкін, алайда олардың көлденең қимасының ауданында құйыншаның жеке бөлшектерінің жылдамдық туындысы тұрақты болып қалады (қарапайым құйыншаның үзіліссіздік теңдеуі)
. (3.8)
Сол себепті, сұйықтық ағыны деп қандай да бір бағытта қозғалатын бөлшектердің үзіліссіз салмағын сипаттайтын қарапайым құйыншалардың бірлестігін айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет