1 Тұтас қабырғаға сұйықтың қысымы. 2 Гидростатикалық қарама- кайшылық. 3 Цилиндрлік беттің үстіндегі сұйық қысымы. 4 Цилиндрлік беттің астындағы сұйық қысымы. Дәріс №3 Тақырыбы Гидродинамика негіздері Дәріс жоспары
1. Гидродинамиканың негізгі түсініктері 2. Сұйық қозғалысының режимдері мен түрлерінің классификациясы 3. Ағынның гидравликалық элементтері 4. Сұйықтардың сорғалауы 5. Қозғалысты құрайтын сұйық бөлшектердің сараптамасы 6. Құйынды және құйынды емес қозғалыс. Гельмгольц теоремасы. 7. Жылдамдық айналымы. Стокс пен Томсон теоремалары.
Гидродинамика – ығыстырылатын және ығыстырылмайтын беттері бар сұйық пен газдың әрекеттесуі мен қозғалыс заңдылықтарын қарастыратын сұйық пен газ механикасының тарауы.
1. Гидродинамиканың нгізгі түсініктері
Гидродинамиканы үйренуде негізгі объектілердің бірі сұйық ағыны, яғни шекттеулі беттіктері арасында сұйық массасының қозғалысы болып табылады.
Сұйық әр түрлі күштер әсерінен қозғалады: ауырлық күшінің; ішкі қысым; инерциялы күш және т.б.
Сұйықтың қозғалыс заңдарын оқып үйренуде екі түрлі есеппен түйісу керек болады:
1) сыртқы есеп, сұйық ағынының гидродинамикалық сипаттамалары көрсетілген, сұйықты айнала ағатын денеге салынған күшті табу керек.
2) ішкі есеп, сұйыққа әсерін тигізетін күштер берілген, ағынның гидродинамикалық сипаттамаларын табу керек.
Ағынның гидродинамикалық сипаттамалары болып:
-гидродинамикалық қысым;
-сұйық қозғалысының жылдамдығы.
Гидродинамикалық қысым – сұйықтың қозғалысы кезінде дамитын ішкі қысым.
Берілген нүктеде сұйық қозғалысының жылдамдығы – берілген нүктеде орналасқан, сұйық бөлшектерінің кеңістікте ауысу жылдамдығы. Жылдамдық бірлік уақыт ішінде сұйық бөлшегінің жүріп өткен жолының ұзындығымен анықталады.