Тақырыбы: Гидрожетектіңжалпы сипаттамасы
Дәріс жоспары:
Гидрожетектің құрылымдық сұлбасы
2. Гидрожетектің классификациясы және жұмыс істеу принципі
3. Гидрожетектің кемшіліктері мен артықшылықтары
Гидрожетектің құрылымдық сұлбасы
Гидрожетек деп гидроқозғалтқыштың шығаберіс буынында қозғалыс жылдамдығын реверсивтеу және реттеу функциясын бір уақытта орындаумен қысым астындағы жұмыс сұйықтығы арқылы машиналар мен механизмдерді қозғалысқа келтіруге арналған қондырғылардың жиынтығын айтады.
Гидрожетектің екі түрі бар: гидродинамикалық және көлемді. Гидродинамикалық жетекте негізінен сұйық ағынының кинетикалық энергиясы қолданылады. Көлемді гидрожетекте жұмысшы сұйық қысымының потенциалды энергиясы қолданылады.
Көлемді гидрожетек гидроберілістен, басқару қондырғысынан, қосымша қондырғы мен гидросызықтан тұрады. (1.1-сурет).
1.1-сурет. Көлемді гидрожетектің сұлбасы
Гидрожетектің күштік бөлігі болып табылатын көлемді гидроберіліс, көлемді сорғы(жүйелегіш қозқалтқыштың механикалық энергиясын жұмысшы сұйық ағынының энергиясына түрлендіруші) мен көлемді гидроқозғалтқыштан (жұмысшы сұйық ағынның энергиясын шығаберіс буынның механикалық энергиясына түрлендіруші) тұрады.
Кейбір көлемді гидроберілістің құрамына гидроаккумулятор (гидроқозғалтқыштың жұмысына келтіру үшін қолдану мақсатында, қысым астында жатқан, жұмысшы сұйықтың энергиясын жинақтауға арналған - гидросыйымдылықтар) жатады. Гидроберілістің құрамына сондай – ақ P мен Q-дың басқа мәндері бар басқа ағынның энергиясына қысым P мен шығынның Q бірегей мәндері бар жұмысшы сұйық ағынының энергиясын түрлендіруге арналған көлемді гидромашиналар – гидротүрлендіргіштер кіреді.
Басқару қондырғысы гидрожетектің басқа да қондырғыларын немесе ағынды басқару үшін тағайындалған. Ағынды басқарумен қатар гидрожүйеде шығын мен қысымды белгілі бір деңгейде ұстап тұруы немесе өзгертуі, сондай-ақ жұмысшы сұйықтың ағынының қозғалысының бағытының өзгертуі түсіндіріледі. Басқарушы қондырғыларға жатады: гидроқозғалтқыштың жұмысына талап етілген жүйелілікті қосуды, олардың шығаберіс буындарының қозғалысын реверсивтеу және т.б қамтамасыз ету жұмысшы сұйықтың ағынының бағытын өзгертуге қызмет ететін – гидротаратқыштар;
гидрожүйеде жұмысшы сұйық қысымын реттеуге арналған - қысымды реттегіштер ( сақтандырғыштандыратын, редукционды, құбылмалы және басқа да клапандар);
жұмысшы сұйық ағынын басқаратын көмегімен - шығынды реттегіштер (бөлгіштер мен ағынның сумматорлары, дросселдер мен ағынды реттегіштер, бағыттаушы клапандар);
басқару сигналының қуатын біруақытта нығайтумен жұмысшы сұйық арқылы басқа да басқару қондырғылар немесе гидроқозғалтқыштар, сорғылардың жұмысын басқаруға қажетті - гидравликалық нығайтқыштар.
Достарыңызбен бөлісу: |