Бірінші бағытқа үрлеу, кептіру, себу, салқындату, вентиляция, тазалау және т.б. операцияларды ауа атқаратын технологиялық процесстер жатады. Құбырлар бойымен пневмотранспорттау (пневмотасымалдау) жүйелері әсіресе жеңіл, тамақ, кен қазушы салаларының өнеркәсібінде кең өріс алды. Даналы және кесек материалдар арнайы ыдыстарда (капсулаларда) тасымалданады.
Екінші бағыт –технологиялық процесстерді автоматты басқару үшін (пневмоавтоматика) пневматикалық басқару жүйелерінде (ПБЖ) сығылған ауаны қолдану. Бұл бағыт 60-шы жылдардан бастап өнеркәсіптік пневмоавтоматика (УСЭППА) элементтерінің әмбебап жүйесінің түзілуіне байланысты қарқынды дами бастады. Кең номенклатура УСЭППА (пневматикалық тетік немесе датчик, түрлендіргіш, реле, логикалық элементтер, күшейткіштер, ағынды құрылғылар, командоаппараттар және т.б.) оның негізінде өзінің параметрлері бойынша электротехникалық жүйелерге жақын релелік, аналогтық, аналогтық-релелік сызбаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жоғары сенімділіктің арқасында олар түрлі машиналарды, ірі сериялы өндірісте роботтарды, қозғалысты басқару жүйелерінде мобильдік объекттерді циклдік бағдарламалық басқару үшін кең пайдаланылады.
Пневмоэнергияны қолданудың үшінші бағыты қуаты бойынша едәуір масштабты, ғылыми тұрғыдан қарағанда машиналардың жалпы механикасының бір тарауы болып табылатын пневматикалық жетек болып табылады. Пневматикалық жүйелер теориясының бастауында И.И. Артоболевский тұрды. Ол Ленинградтағы машинотану Институтының басшысы болды. Сол кезде 40-60 жылдары оның басшылығының астында пневможүйелер теориясы мен пневможүйелерді жобалау бойынша жинақталған мәліметтер жалпыланып жүйеленді. Пневможүйелер теориясы бойынша бірінші жұмыс 1933 жылы жарияланған А.П. Германның «Тау-кен ісінде сығылған ауаны қолдану» мақаласы болды. Бұл мақалада алғаш рет пневмоқұрылғының жұмыс мүшесінің қозғалысы ауа параметрлері жағдайының термодинамикалық теңдігімен бірге есептелді.
Пневможетектер теориясы мен практикасына Б.Н. Бежанов, К.С. Борисенко, И.А. Бухарин, А.И. Вощинин, Е.В. Герц, Г.В. Крейнии, А.И. Кудрявцев, В.А. Марутов, В.И. Мостков, Ю.А. Цейтлин ғалымдары маңызды үлес қосты.