3. Гидростатикалық қысымның қаситтері
Гидростатикалық қысым үш қасиетке ие.
Бірінші қасиеті. Гидростатикалық қысым әрқашан өзі әсер ететін ауданның ішкі нормалі бойынша бағытталады.
Екінші қасиеті. Гидростатикалық қысым өзі әсер ететін ауданның бағытына (көлбеу бұрыш ) тәуелді емес, ол кеңістіктегі нүктенің орналасыуна ғана тәуелді болады, яғни гидростатикалық қысым барлық бағыттарға бірдей әсер етеді .
Үшінші қасиеті. Нүктедегі гидростатикалық қысым оның кеңістіктегі координаталарына тәуелді болады, яғни .
Сұйық деңгейіндегі нүктенің бату тереңдігі жоғарласа , ондағы қысымда артады, ал керісінше нүктенің бату тереңдігі төмендесе, қысымда азаяды..
Бірінші қасиетті дәлелдейміз. Ішінен жазықтығы жүргізілген тыныштықта тұрған сұйықтың кейбір көлемін 2.2 суретте қарастырамыз .
Сурет 2.2 – Гидростатикалық қысымның бірінші қасиетін дәлелдейтін схема .
Сол жазықтықтан А нүктесін аламыз. Бұл нүктедегі гидростатикалық қысым ауданға нормаль бойынша емес, А нүктесінің бағыты бойынша бағытталған деп қарастырамыз. Онда гидростатикалық қысымды екі құраушыға бөлуге болады: жазықтығында нормаль және жанама .
Сұйық жанама қернеуге қарсылық білдірмейді және құраушысының нольге тең екенің ескерсек, онда сәйкесінше гидростатикалық қысым ауданға тек нормаль бойынша әсер етеді.
Ауданға жанама бойынша бағытталған нольге тең, өйткені қарама қарсы жағдайда А нүктесінде сұйық бөлшектері сол күштің ісерінен қозғалар еді, ал ол сұйықтың тепе теңдік шартына қарсы.
Ал енді В нүктесінде көрсетілгендей гидростатикалық қысым ішкі нормаль бойынша бағытта алатынын дәлелдейміз.Сұйық созылмалы кернеуге қарсылық көрсетпейтіндіктен , онда оның бөлшектері қозғалысқы келу қажет, олда сұйықтың тыныштықта тұру шартына қарсы. Соған байланысты гидростатикалық қысым тек ішкі нормаль бойынша бағытталады, яғни гидростатикалық қысым әрқашан сығылады.
Достарыңызбен бөлісу: |