2. Тығыздық
Сұйықтың тығыздығы – бірлік көлемдегі сұйық массасы. Сұйықтың тығыздығы келесі формуламен анықталады , кг/м3:
, (1.1)
мұндағы - сұйықтың массасы , кг;
- сұйықтың көлемі, м3.
Сұйықтың салыстырмалы тығыздығы – берілген шарттардағы су (t=3,980С, ρв=1000кг/м3) тығыздығының қарастырылатын сұйық тығыздығына қатынасы . Сұйықтың салыстырмалы тығыздығы төмендегі формуламен анықталады
, (1.2)
мұндағы - қарастырылатын сұйық тығыздығы , кг/м3;
- берілген шарттардағы судың тығыздығы, кг/м3.
3. Меншікті салмақ
Сұйықтың меншікті салмақ – бірлік көлемдегі сұйықтың салмағы. Сұйықтың меншікті салмағы келесі формуламен анықталады , Н/м3 :
, (1.3)
мұндағы - сұйықтың салмағы (Ньютон заңы), Н;
- еркін түсу үдеуі, м/с2.
Салыстырмалы меншікті салмақ – t=40С кезіндегі судың меншікті салмағының қарастырылатын сұйықтың меншікті салмағына қатынасы . Салыстырмалы меншікті салмақ төмендегі формуламен анықталады
, (1.4)
мұндағы - қарастырылатын сұйықтың меншікті салмағы, Н/м3;
- берілген шарттардағы судың меншікті салмағы, Н/м3.
4. Сығылғыштық
Сығылғыштық – қысым немесе температураның өзгерісі кезінде сұйықтың көлемін өзгерту қасиеті. Сұйықтың сығылғыштығы қысым 0,1 МПа ұлғайған кезде көлемнің өзгерісін (азаюын) көрсететін көлемдік сығылу коэффициентімен, м2/Н, сипатталады. Көлемдік сығылу коэффициенті келесі формуламен анықталады.
, (1.5)
мұндағы және - сәйкесінше соңғы және бастапқы қысым кезіндегі көлемдер .
Серпімділіктің көлемдік модулі – көлемдік сығылу коэффициентіне кері шама. Серпімділіктің көлемдік модулі, Н/м2, төмендегі формуламен анықталады .
. (1.6)
Достарыңызбен бөлісу: |