Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


К= (А1+0,5А2+0,3А3)/(П1+0,5П2+0,3П3)



бет115/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   213
К= (А1+0,5А2+0,3А3)/(П1+0,5П2+0,3П3)
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 1,3;
жыл соңында – 1,07;
Бұл көрсеткіштің қолайлы мәні 0,9 болып табылады.
Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады.
Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті. Олар туралы төменде айтылады.
Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттігін анықтау анықтау үшін кә-сіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен қолданылады.
Үш көрсеткіш жиі қолданылады:
абсолютті өтімділік коэффициенті;
аралық өтеу (жабу) коэффициенті;
жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.
Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.
Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:
Ка.ө 0,20,5
Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі.
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 0,02;
жыл соңында – 0,1;
Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер бойынша түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.
Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет