Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Кағ.ө 1 Біздің кәсіпорын үшін оның мәні: жыл басында – 1,5; жыл соңында – 0,98; Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы



бет116/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Кағ.ө 1
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 1,5;
жыл соңында – 0,98;
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді жіне дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.
Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады:
Кағ.ө 2
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 2,6;
жыл соңында – 2,2;
Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді.
Жалпы алғанда соңғы екі өтімділік коэффициенттерінің шамалары талап етілген шектеуге жауап бергенімен, жыл соңында олардың мәндері азайып отыр. Сондықтан алдағы уақытта бұл құбылыстың қайталанбасы үшін, оның себептерін анықтаған жөн.
Кәсіпорын қаржылық тұрақтылығын талдаудың маңызды кезеңдерінің бірі төлем қабілетін талдау. Төлем қабілетін талдау қаржының барын және түсуін бірінші қажетті төлемдермен салыстыру жолымен өткізіледі. Төлем қабілеті қысқа мерзім ішінде (апта, ай) талдаған кезде анық көрінеді.
Төлем қабілеті қолда бар ақшаның белгілі мерзімге және келесі мерзімге жедел төлем қосындыларына қатысумен анықталатын төлем қабілеті коэффициенті арқылы айқындалады. Егер Ктқ ≥ 1, бұл кәсіпорынның төлем қабілеттігін көрсетеді. Егер Ктқ < 1, төлем қаражатының жетпеушілік себептерін табу қажет. Төлем қабілетінің төмендігі кездейсоқ, уақытша, ұзақ, созылмалы болуы мүмкін. Оның себептері:
- қаржы ресурстарымен толық емес қамту;
- өнім өткізу жоспарын орындамау;
- айналым қаражаттың тиімсіз құрылымы;
- контракттардан уақытында төлем алмау;
- жауапты сақтауда тұрған, тиеп қойылған тауар үшін төлемнің жоқтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет