Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Несие келісім-шартында міндетті



бет118/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Несие келісім-шартында міндетті түрде келесілер қарастырылады:
- несиелеу объектілері;
- жоспарланған несие мөлшері, оның міндеті;
- несие беру шарты және өтеу мерзімдері;
- несие бойынша пайыздық ставкалар, оларды өзгерту және төлеу тәртібі;
- қарыз алушы міндеттерін қамту формалары (кепілдер, кепілдемелер, кепілдік);
- ТМШ жабудың өзіндік айналым қаражаттарының нормативі;
-несиені беру және өтеу бойынша жақтардың міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктері;
- құжаттар тізімі және оларды банкқа ұсыну мерзімділігі.
Несие берілетін мерзімдері: олар қысқамерзімді (1 жылға дейін) және ұзақмерзімді (1 жылдан астам) несиелерге бөлінеді.
Қысқамерзімді несие - кәсіпорынның айналым қаражаты көздерінің бірі. Ол кәсіпорынның ағымды әрекет процесінде туындайтын жетпеген ақша қаражат қажеттігін толтыруға көмектеседі.
Ұзақмерзімді несие капиталдық шығындарға берілуі мүмкін. Ол кәсіпорынның оның дамуына бағытталатын (өндірісті кеңейту, жаңадан салу, жаңа техниканы енгізу және т.б.) несиелік қаржы ресурстарының көзі болады.
Несиелеу объектісі осындай болуы мүмкін: тауар импорты мен экспорты, сыртқы экономикалық әрекет шығындары, жеке жұмыс әрекетімен шұғылданатын азаматтар сатып алатын шикізат, материал және басқа мүлік.
Қарыз алушыларға банк алдында берілген несиесінде уақыты өткен қарызы болмаған жағдайда береді.
Несиелендіруге қабылданбайды:
- транспортировка салдарынан өнімді арту кешігуімен байланысты жиналған мерзімділерден басқа нормадан артық дайын өнім қалдықтары;
- мерзімді қалдықтардан басқа нормадан артық бітпеген өндіріс қалдықтары;
- өндірістің жылдық қажеттігінен артық, бір жылдан астам қозғалмай сақталған ТМШ;
- артық, керегі жоқ, қиын өткізілетін және пайдаланбайтын ТМҚ;
- құндылықтардыңқұруына немесе бүлінуіне әкелетін, сақталуды қамтымайтын сақтау шарттарыдағы ТМҚ;
- несие келісім-шартында қарастырылған мерзімнен артық жолдағы МҚ;
- шығын сметасынан асқан және өнімнің өзіндік құнына қатыстырылмаған шығындар;
- объектті пайдалануға берілгеннен кейін жасалатын іске қосу жұмыстары;
-уақытында өңделмеген алдыңғы жылдар астығының бітпеген өндірісі және ауыл шаруашылық шикізат қалдықтары;
-мөлшері оны өндіретін кәсіпорынның өндіріс қуатынан асатын ауыл шаруашылық шикізат қорлары, дайындықтың жаңа маусымына дейін;
-тием қойылған тауарларға, дайын өнімге және бітпеген өндіріске жататын өнімнің өзіндік құнының қымбаттауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет