Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет12/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   213
12. Қаржы-құқықтық нормалар – құқықтың негізгі бастапқы элементтері, мемлекет белгіленген және қаржы қатынастарындағы мемлекеттік мәжбүрлеу (күштеу) шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі Қаржы-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық және уәкілеттілік болып бөлінеді.
13. Санкциялар – қаржы-құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын жауапкершілік шараларды білдіреді. Олардың ақшалай сипаты бар және оларда ақша қорлары мен қаражаттары арқылы нормаларды бұзушыларға мәжбүрлеуші ықпал жасаудың шаралары болады. Санкцияларға өсімдер, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы (төлемі), қаржыландыру мен несиелеудің тоқтатылуы, несиелеудің шарттарын қатайту, ресурстарды артық жұмсағаны үшін жоғарылатылған тарифтер және тағы басқалары жатады.
14. Қаржы-құқықтық актілер – бұл қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының олардың құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдер. Бұл актілер қаржы-құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе бұзады немесе нақтылы құқықтық қатынастардың пайда болуының, тоқтатылуының, өзгеруінің негізін атқарады. Қаржы-құқықтық актілердің жиынтығы қаржы заңнамасын құрайды.
15. Нормативтік қаржы-құқықтық актілерге - біртекті қаржы қатынастарының тобын реттейтін актілер жатады, ол әдетте ұзақ уақыт іс-әрекет етеді.
16. Жеке актілер – құқық нормаларын белгілі бір төлеушіге немесе қаражаттарды алушыға қатысты нақтылайды.
17. Заңнамалық актілер – бұл Парламент шығаратын заңдар мен қаулылар, Республика Президентінің Жарлықтары.
18. Қосалқы актілер – бұл заңға негізделген және заңды орындауға қабылданған актілер: басқарудың салалық және жоғарғы органдарының бұйрықтары, Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің нұсқаулықтары, лауазымды адамдардың қайсы бір іс-әрекеттерге рұқсат етуі туралы қарарлары және т.б.
19. Жоспарлы-қаржылық актілерде- өзара қаржы саласындағы белгілі бір кезеңге арналған нақты тапсырмалар болады, яғни олар қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі жоспарлар болып табылады; бұған бюджеттердің барлық түрлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы жоспарлары, бюджетте қаржыландыруда тұратын мемлекет мекемелері шығындарының сметалары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет