6. Стратегиялық басқару - қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде корінеді. Оны дөстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жогарғы органдары — Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
7. Қаржылык, жоспарлау мен болжау — бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элсменттерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-тендік дамуына жетуге, біртүтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс осуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қоргауга бағытталған.
8. Қаржылық жоспарлау — бүл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) өзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады.Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды жөне елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
9. Қаржылық болжау — мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дөлелдеу). Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау, корреляциялық-рефессиялық талдау; тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
10. Қаржы жоспары - ішкішаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың жәнс жалпы мемлекетгің ақшалай табыстары (кірістері) мсн қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетсді.
11. Қаржы құқығы – бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң нормаларының жиынтығы