39. Бюджет тапшылығы – бюджеттің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен басым болуын білдіреді. Өте жақсы нұсқа: егер кірістер мен шығыстар тең болса – бұл теңдестірілген бюджет. Шығыстар кірістерден көп болса – теріс айырма – бұл тапшылық. Егер кірістер шығыстардан көп болса, онда бұл профицит болады. Тапшылықты қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздеу.
40. Бюджет құрылысы -бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидалары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы.
41. Бюджет жүйесі - ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді.
42. Республикалық бюджет- бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
43. Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері)- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.
75. Меншіктен түсетін табыс – акциялар мен басқа да бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен ұтыстар, салымдар бойынша, қарызға берілген ақша сомасын пайдаланғаны үшін пайыздар, салымдар бойынша ұтыстар, баспананы, көлік құралдарын, техниканы, жер телімдерін жалға бергеннен түсетін табыстар.
76. Сатудан түсетін табыс – қозғалмайтын мүлікті, әр түрлі бұйымдар мен тауарларды; қосалқы шаруашылықтан түскен тамақ өнімдерін сатудан, тарапқа әр түрлі қызмет көрсетулерден түскен түсім.
77. Өзге табыс көздері – алименттер, тума-туыс және таныстардан түскен қаражаттар.
78. Адамның иелегіндегі ақшалай табыстар – міндетті төлемдер мен жарналарды шегергеннен кейінгі ақшалай табыстар.