Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет131/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Маржиналды табысқа анықтама беруіміз үшін, ең алдымен «директор костинг» жүйесіне тоқталуымыз қажет. «Директор - костинг» жүйесі ең алдымен АҚШ-та пайда болған. Оның негізгі тұжырымдары 1936 жылы И.Н.Гаррис атты американдық зерттеушінің статьясында жарық көрді. Нақты бұл жүйе 1953 жылы жүзеге асты. Ұлыбританияда бұл әдіс – «маржиналь-кост», Францияда – «маржиналды бухгалтерия» деген аттармен аталды. Бұл жүйенің негізі – шығындарды тұрақты және өзгермелі деп бөлуде жатыр.
Өзгермелі шығындарға тікелей шығындар жатады, олардың көлемі өнім өндірісінің өзгерісіне байланысты өзгеріп отырады: шикізат және негізгі материалдар, технологиялық мақсатта пайдаланылатын отын, энергия, өндірістік персоналдың еңбек ақысы, жабдықты күту және эксплуатация бойынша шығындары және т.б. тұрақты шығындар: әкімшілік және басқару шығындары, амортизациялық төлемдер, өнімді сату бойынша шығындар, рынокты зерттеу бойынша шығындар, коммерциялық және жалпышаруашылық шығындар, тұрақты шығындар, кезең шығындары болып есептеледі және өнімдерге бөлінбейді, тікелей нәтижелерге жатқызылады.
Шығындардың тұрақты және өзгермеліге бөлінуі толық емес өзіндік құнды есептеуге байланысты болады. Толық емес немесе қысқартылған өзіндік құнды есепке алу және жоспарлау өзгермелі шығындар бойынша жүргізіледі немесе «директор костинг» жүйесі бойынша өнімнің толық өзіндік құнын калькуляциялау әдісі қолданылмайды.
«Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері есебі» атты бухгалтерлік есептің 3 стандартының мазмұны Қазақстан Республикасында шығындар есебін ұйымдастыруда «директор костинг» жүйесі бойынша жүргізуге толық мүмкіндік береді. Бұл есепте тұрақты шығындар кезең шығындарына жатқызылған, олар өндірістік өзіндік құнға кірмейді және кәсіпорынның жалпы табысынан алынып тасталады.
«Директор костинг» жүйесін пайдалану белгілі қиындықтарға байланысты болып отыр. Белгілі бір кәсіпорын бойынша шығындарды тұрақты және өзгермеліге классификациялауға болмайды, ол қызметтің ауысып отыратын жағдайларына байланысты қарастырылып отыруы қажет. «Директор костинг» жүйесін пайдалану барысында калькуляциялау мен баға белгілеу үшін өнімнің толық өіндік құнын жүйеден тыс жолмен анықтауымыз қажет болады. Бұдан басқа, салық жүйесінің органдарымен қарым-қатынас күрделенеді, өйткені өндіріс шығындары және салық салынатын табыс есепті жолмен анықталады. Ал бір жағынан, шығындарды тұрақты және өзгермелі деп топтастыру есеп жүргізудің бақылау және аналитикалық мүмкіндіктерін күшейтеді, оптималды шешімдерді қабылдауға көмектеседі. Шығындарды бөлудің кемшіліктері «директор костинг» жүйесінің аналитикалық жетістіктерімен жабылады, оның ішінде ең маңыздылары болып келесі жетістіктер саналады:
− шығарылатын өнім ассортиметі мен табысты оптимазациялау;
− жаңа өнімге бағаны анықтау;
− өндіріс тиімділігін бағалау;
− қосымша тапсырыс қабылдау тиімділігін бағалау, жабдықты ауыстыру тиімділігін бағалау және т.б.
«Директор костинг» жүйесі бойынша құрастырылатын табыс есебінен негізгі қызмет табысының өзгеруі өзгермелі шығындардың, сату бағасының, сатылатын өнім көлемінің өзгеруінен болатыны көрініп отыр. Жалпы, өзгермелі және тұрақты шығындардың өнімнің сату көлемімен, маржиналдық табыспен және негізгі қызмет бойынша табыспен өзара байланысын көрнекі көрсету үшін графикалық әдісті қолданғанымыз жөн. Көлденең сызық бойынша өзіндік құн мен өнімді сату бойынша табысты көрсетеміз, ал тігінен өндірілген өнім көлемін натуралды көрсетіміз.
Айталық, кәсіпорын біртекті өнім шығарумен айналысады, оған сұраныс өте жоғары. Келесі мәліметтер бойынша график құрамыз. Өнімнің бірлігіне өзгермелі шығындар – 9 теңге, іскерлік белсенділіктің зерттелетін диапазоны – 10-нан 70 мың данаға дейін, тұрақты шығындар бұл диапазонда – 450 мың теңге жылына, өзгермелі шығындар – 630 мың теңге, жалпы шығындар – 1080 мың теңге, өнім бірлігінің сату бағасы – 24 теңге. Енді сұрақ туындайды, кәсіпорын сатылатын өнімнің қандай көлемінде шекті көлемнің нүктесіне қол жеткізуге, қашан өнімді сату бойынша табыс оның толық өзіндік құнына теңеседі, қай жерде не табыс, не зиян болмайды. Егерде өнім сату бойынша нақты табыс толық өзіндік құннан жоғары болса, кәсіпорын негізгі қызмет бойынша табыс алады, ал егерде керісінше болса, залал шегеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет