Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Табысты үлестірудің принциптері



бет142/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   213
Табысты үлестірудің принциптері:
— кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған табысты шаруашылық субъөктісі ретінде мемлекет пен кәсіпорынның арасында бөлінеді;
— мемлекет алған табыстың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес.
Салықтың құрамы жәнө алымы, оларды өсептеудің және бюджст жарнама тәртібі заңды түрде белгіленеді;
— салықтан кейінгі кәсіпорынның қарауында қалатын табыс мөлшері өнім көлемінің артуы жәнс өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделілігі кемімеуі керек;
— кәсіпорынның қарауында қалатьга табыс өуелі кәсіпорынныц одан әрі дамуын қамтамасыз ететін қорланымға багытталады, ал қалган бөлігі тек тұтынуга кетеді.
Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық табыс екі бөлікке бөлінеді.
1.Біріншісі — кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады.
2.Екіншісі — тұтынуға пайдаланатын табыс үлесін сипаттайды. Сонымен, тутынуға бағытталған барлық табысты толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған табыс қалдығының үлкен маңызы бар және алдагы жылдардағы мүмкін болатын залалдарды, түрлі шығындарды қаржыландырудың орнын толтыруға бағытталады.
Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:
-кәсіпорынның тапқан табысының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысы;
-кәсіпорынның тапқан табысының сатылған өнімнің озіндік құнына қатысы.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады, Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші — бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы .Табыстар дегеніміз — қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.
«Табыстар — бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы». Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет