Негізгі капиталдың қорқайтарымын факторлық талдау Қорқайтарымының өсуіне келесі жағдайларда мүмкіндік туады:
• егер еңбек өнімділігінің қарқыны белгілі құрал-жабдықтың бағасының өсім қарқынына қарағанда артып түсіп отырса, онда өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру, алдыңғы қатарлы технологияны қолдану, қазіргі құрал-жабдықтарды жаңғырту керек (өндірісті дамытудың белсенді жолы);
• құрал-жабдықтардың жұмыс істеу уақытын ұлғайту;
• құрал-жабдықтар жұмысының белсенділігін арттыру, сонымен қатар технологиялық үдерістің талаптарына сай шикізат пен материалдардың сапасын және өнеркәсіптік-өндірістік персонал біліктілігін көтеруді қамтамасыз ету керек;
• жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтардың жүктемесін көбейту.
Қолда бар құрал-жабдықтардың өндіріске қатыстыруы және оның өндірісте пайдалануы келесі көрсеткіштер көмегімен анықталады:
Пайдалануға берілген құрал-жабдықтардың үлесі = Орнатылған құрал-жабдықтар / Қолда бар құрал-жабдықтар
Жұмыс істейтін құрал-жабдықтардың нақты үлесі =Жұмыс істейтін құрал-жабдықтар / Орнатылған құрал-жабдықтар
Пайдалану дәрежесі = Парктегі барлық жұмыс істейтін құрал-жабдықтар/ Қолда бар құрал-жабдықтар
Бақылау сұрақтары: 1.Өндірістік қорлардың табыстылығын талдау
2.Негізгі капиталдың жағдайын талдау
3.Негізгі капиталдың пайдалану тиімділігін талдау
4.Негізгі капиталдың қорқайтарымын факторлық талдау
61. тақырып Кәсіпкерлік тәуекелдік және ұйымның болашақ банкротқа ұшырауын талдау
1. Қаржылық тәуекелді басқару процесі
2. Статистикалық әдістің мәні
3. Қаржылық тәуекелді басқару процесі
4. Ұқсастықтарды пайдалану әдісі
Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелдік факторы нарықтық экономикада үдей түседі. Тэуекелділік қандайда бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығын (қаупі), қызметті жүзеғе асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.
Тәуекелділік ықтималдық катеғорнясына жатады, яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді. Әр кәсіпкер басшы типіне байланысты таңдап, тиімді тәуекел деңгейін өзі белгілейді. Керітартпа басшылар жаңалықтарға бейімделмеген, әдетте олар қандай да бір тәуекелден қашуға тырысады. Икемді басшылар, еғер тәуекелділік ерікті болып, ал орындаушылар өз ісінің маманы болса, олар тәуекелді шешімдерді қабылдауға тырысады.
Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңғейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларга апаруы ықтималдығын білумен шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден аспау ықтималдығын да қарастыруы керек.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді. Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін қалай азайтатынын білуі қажет. Фирма үшін қаңдай да бір жағымсыз жағдай болса да, кәсіпкер негативті нәтижелерді азайту мүмкіндіктерін қарастыруы керек.
Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджиралау жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы азайтуға бола
Өзін-озі сақтандыру меншікті каражаттардың бөлі- гінің есебінен зиянды жабу жэне ойда болмаған шығындарды жабуға каражаты жинактаумен байланысты. Құны фирманың қаржы көрсеткіштерімен салыстырғанда аса коп емес мүліктің немесе бір тіпті мүліктің көп мелшерін жоғалту қаупі тегенде, ішкі шаралар көмегімен өзін-өзі сақтандыру орынды болады.
Шет елдерде тәуекелді азайтудьщ кең тараған тәсілі - хеджиралау (аудармасы - жоғалтулардан сақтау), қарсы валюталық, коммерңиялық, несиелік және басқа талаптар мен міндеттерді даярлау. Бірақ, тәуекелдің кеп бөлігі (менеджерлердің қатесі, бағаның өзгеруі, сұраныс, дұрыс таңдалмаған жоба және т.б.) толығымен кәсіпкерлерге жүктеліен. Жағдайларды болжау, кәсіпкерлік тәуекелді бағалауды үйрену кёрек.
Кәсіпкерлік тәуекел - бұл бизнестің түріне байланысты компанияның қызметінің тәуекелі. Олардың негізгі түрлеріне өндірістік, коммерциялық жәңе қаржылық (несиелік) тәуекелді жатқызуға болады.