Байланысты: аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық, салынғанға дейінгі дағдылы қызметте алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайларданалынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы – директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіиорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды:нені, қалай және кім үшін өндіру керек.
Табыс табу кез келгеи кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты больш қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл приицип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік техникалық базасының кеңеюіне негізделеді.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Ол тек екі қызмет атқарады:
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды, Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы керсеткіштері қолданылады.
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы кәрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажеті.
Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты еңбек өиімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату. Басқа да біркелкі жағдайларда өнімнің өзіндік құны неғүрлым арзан болған сайын тиімділік соғұрлым жоғары болатыны белгілі. Кәсіпорынның тиімділігіне сонымен қатар, өнімнің немесе шығаратын тауарлардың сапасы да едәуір ықпал етеді, өйткені жоғары сапалы өндірілетін тауарларды көтеріңкі бағамен сата алады.
Пайда өндіріс және таза табысты бөлу, экономикалық ынталандыру қорын жасау және пайдалану үдерісі кезінде кәсіпорын ұжымдары мен оның жеке мүшелерінің арасында, сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке кәсіпорындар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастардың белгілі бағытын білдіреді.