Қаржылық тәуекелді басқару процесі 6 сатыдан тұрады: мақсаттарды анықтау, тәуеке -келді бағалау, оларды жүзеге асыру және нәтижелерді бағалау.
Мақсатты анықтау кәсілорынның едәуір шығындар жағдайында жүмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталады.
Мақсат кәсіпорынды сыртқы орта жагдайынан немесе ішкі орташа оңтайландырудан қорғау болып табылады.
Тәуекелділік ықшмалдылығы ресми және бейресми көздерден әр түрлі ақпараттар жинау көмегімен анықталады.
Шығындардың қаупін оның мағынасына байланысты үш түрге бөлуге болады: банкроттық қауіп, шығынды болдырмау үшін қосымша ресурстардың қажетгілігі, активтердің бір бөлігін шарасыз жоғалту.
Қаржылық тауекелді басқарудың ең күрделі кезеңі болып табылатын тәуекелді талдаудың міндеті мүмкін болатын серіктестіктерге, жобаға қатысудың тиімділігі туралы шешім қабылдауға және ақша жоғалтуды болдырмау шараларын жасау үшін қажет мәліметтерді беру болып табылады.
Тәуекелді талдау кезінде тәуекел аймағы ұғымын дайдалану маңызды, ягни ол шекарасында белғіленген тәуекел деңгейінің шекті мәндерінен аспайтын жоғалтулар болатын, рыноктың жалпы шығындар аймағы. Нарықтык экономика жағдайында кез келген кәсіпорын қызметінің 5 негізгі тәуекел аймағын белгілеуғе болады.
Тәуекелсіз аймақта операңия жүргізген кезде кәсіпорын ешқандай тәуекел жасамайды, ешқандай шығын көрмейді, кәсіпорын кем дегенде есепті табыс алады. Жобаны орындау кезінде, теориялық жағынан кәсіпорынның табысы шексіз.
Аз тәуекелді аймақты қызмет нәтижесінде кәсіпорын таза табысының барлық мөлшерін немесе бір бөлігін жоғалту ықтималдығы бар.
Жогары тәуекелді аймақта кәсіпорын, нашар болған жағдайда барлық шығындарын жабады, ал жақсы болған жағдайда есепті деңгейден төмен табыс алады.
Бұл аймақта өндіріс қызметі қысқа мерзімді несие есебінен болуы мүмкін.
Қауіпті тәуекелді аймақта кэсіпорын есепті табысты ғана емес, сонымен қатар өнім өткізуден (жұмыс, қызмет) түскен табысты жоғалту ықтималдығы бар және шығындарды озінің есебінен қайтарады.
Жарамайтын (апатты) тәуекелді аймақгағы кәсіпорынның қызметі банкроттыққа әкеледі, барлық инвестицияларын жоғалтады.
Тәуекелді талдау кезінде оның көздері мен себептерін анықтау керек. Пайда болу көзіне байланысты тәуекелділік былайша бөлінеді: меншікті шаруашылық, адамның өзімен байланысты, табиғи факторлармен байланысты. Тәуекелділіктің пайда болу себептері болашақтың анықталмауынан, әріптестің айқындалмаған мінезі, ақпараттың жетіспеуінен туындаған деп жіктеледі. Қандай да бір жағдайда болмасын, тәуекелділік шешімнің ақпаратпен жабдықталу жағдайына байланысты болады.
Инвестор кейде нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпаратқа негізделген жағдайда шешім қабылдайды. Әрине, ақпарат толық болған жағдайда тәуекелділікті жақсы болжап, оны төмендетуге болады. Мұндай жағдайда пайдалы ақпарат тауар түрінде көрінеді. Ақпарат толық болған жагдайда, толық ақпараттың құны белгілі бір заттың күтілген құны арасындагы айырма түрінде көрініп, ал ақпарат толық болмаған жағдайда күтілетін құны түрінде көрінеді.
Тәуекелді талдауды бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтыратын екі түрге бөлуге болады: сапальщ және сандық.
Тәуекелді сапалық талдау тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде көрінеді. Ол мүмкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп салыстырады. Ол салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін. Оның басты міндеті - жұмыс пен кезеңдердің орындалуы кезіндегі тәуекелдің себептерін аньпсгау, яғни тәуекел мүмкін болатын аймақгы айқындау, содан кейін барьпі, барлық тәуекелдерді анықтау болып табылады.
Тәуекелдік дәрежесіне әсер ететін барлық факторларды объективті және субъективті деп бөлуге болады. Объективті факторларға кәсіпорыннан тәуелсіз инфляция, бәсеке саяси және экономикалық дағдарыстар, экология, кедендік салықтар жатады. Субъективті факторлар тікелей нақгы түрін сигіаттайды: өндірістік потенциал, кадрлық құрылым, шаруашылық байланыстар, қаржылық жағдай.
Достарыңызбен бөлісу: |