Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


тақырып Кәсіпкерлік тәуекелділік талдауының мазмұны



бет159/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

65. тақырып Кәсіпкерлік тәуекелділік талдауының мазмұны

1. Тәуекелділік ұғымы


2. Кәсіпкерлік тәуекел
3. Өндірістік тәуекел
4. Қаржылық тәуекел
5.Қаржылық тәуекелді басқару процесі 6 сатыдан тұрады
Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарыныңбір бөлігінжоғалту ықтималдығын, қызметті жүзеге асырунәтижесінде табыстардыңтолық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.
Тәуекелділік ықтималдық категориясына жатады, яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді. Әр кәсіпкер басшы типіне байланысты таңдап, тиімді тәуекел деңгейін өзі белгілейді. Икемді басшылар,егер тәуекелділік ерікті болып,ал орындаушылар өз ісінің маманы болса,олар тәуекелді шешімдерді қабылдауға тырысады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді.Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін қалай азайтатынын білуі қажет. Фирма үшін қандайда бір жағымсыз жағдай болса да, кәсіпкер негативті нәтижелерді азайту мүмкіндіктерін қарастыруы керек.
Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджирлау жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беруарқылы азайтуға болады.
Өзін-өзі сақтандыру меншікті қаражаттардың бөлігінің есебінен зиянды жабу жәнеойда болмаған шығындарды жабуға қаражат жинақтаумен байланысты. Құны фирманың қаржы көрсеткіштерімен салыстырғанда аса көп емес мүліктің немесе бір типті мүліктің көп мөлшерін жоғалту қаупі төнгенде,ішкі шаралар көмегімен өзін-өзі сақтандыру орынды болады.
Кәсіпкерлік тәуекел – бұл бизнестің түріне байланысты компанияның қызметінің тәуекелі. Олардың негізгі түрлеріне өндірістік, коммерциялық және қаржылық тәуекелді жатқызуға болады.Өндірістік тәуекел – бұл өнім өндірумен, қызмет көрсетумен, басқа да түрлі өндіріс қызметін жүзеге асырумен байланысты тәуекел. Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдықшығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қатесі, көтеріңкі аударым сомалары мен салықтарды төлеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет