Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет53/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   213
Көрсеткіштер жүйесі

Екі топқа бөлінеді: бірінші топ инновациялық өнімнің (соның ішінде экспорттық өнімнің), жаңа өнімнің (жаңадан енгізілген өнімнің), жетілдірілген өнімнің жалпы көлеміндегі үлес салмағының көрсеткіштерін қамтиды. Екінші топ инновациялардың кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне ықпалын сипаттайтын көрсеткіштерді қамтиды, мұндай көрсеткіштер инновациялық өнімді өткізуден алынған пайданың сомасымен, оның пайданың жалпы сомасындағы үлесімен, яғни инновациялық өнімдерді ішкі және сыртқы рыноктарда сату көлемімен, олардың жалпы сату көлеміндегі үлесімен, жаңа өткізу рыноктарына шығуымен, дәстүрлі өткізу рыноктарындағы үлесімен айқындалады. Бұған сондай-ақ, инновацияларды енгізу нәтижесінде өндіріс шығынының (еңбекақыға, материалдарға, энергияға, т.б. жұмсалған шығындардың) азаюын, қор қайтарымының артуын, т.б. сипаттайтын көрсеткіштерде жатады; макроэкономикалық Көрсеткіштер – өндіріс пен тұтыну көлемінің, кіріс пен шығыстың, тиімділіктің, әл-ауқат деңгейінің, экспорт пен импорттың, экон. өсу қарқынының, т.б жалпы экономика бойынша жиынтықталған, жалпылама, орта есеппен алынған көрсеткіштері; қаржы көрсеткіштері – кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде, жалпы халық ш-нда ақша қорларының, қорланымдарының құралуы мен пайдалануына байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспарлы, есептемелік немесе есеп айырысу деректері; өндіріс көрсеткіштері – басқару нысаны ретіндегі өндірістің жай-күйінің, жұмыс істеуінің және дамуының сандық немесе сапалық сипаттамасы; салыстырмалы көрсеткіштер – абс. көрсеткіштертің базистік мәнге қатынасы түрінде немесе әр түрлі екі көрсеткіштің ара салмағы түрінде айқындалатын экон. көрсеткіштер; сандық көрсеткіштер. – санмен өлшенетін және заттай немесе ақшалай бірлікте (дана, салмақ, көлем, аудан, ақша өлшемімен) тұлғаланған көрсеткіштер. Мұндай көрсеткіштерге өндірілген өнімнің заттай және ақшалай өлшемдегі көлемі, өндіріс пен айналыс шығынының шамасы, тауарларды өткізуден және қызметтер көрсетуден алынған түсім, халықтың (елдің, аймақтың, отбасының) пайдасы, кірісі мен шығысы, экспорт пен импорттың заттай және ақшалай өлшемдегі көлемі, ішкі және сыртқы қарыздың, борыштың шамасы, шикізат қоры, осындай басқа да көптеген көрсеткіштер жатады; статистикалық көрсеткіштер. – қоғамдағы әлеум.-экон. құбылыстар мен процестердің сандық-сапалық сипаттамасы. Ол мынадай белгілері бойынша топтарға бөлінеді: 1) зерделенетін көрсеткіштер дің мәнділігіне қарай – зерделенетін жиынтықтардың көлемдік, сапалық, тұрпаттық ерекшеліктері; 2) құбылыстардың біріктірілу дәрежесіне қарай – жекелеген және жалпылама ерекшеліктер; 3) зерделенетін құбылыстардың сипатына қарай – құбылыстардың уақыт ішінде дамуын көрсететін уақытаралық ерекшеліктер және құбылыстың белгілі бір күнгі жай-күйін көрсететін мезеттік ерекшеліктер. Экономика саласын қайсыбір жақтан сипаттайтын көрсеткіштер салалық көрсеткіштер, жекелеген аумақтық құрылымдарды сипаттайтын көрсеткіштер аумақтық немесе аймақтық көрсеткіштер деп аталады. Статистикалық К-тер абс., салыстырмалы, орта шама, т.б. түрінде көрініс табады. Статист. ақпаратты және зерделенетін құбылыс ерекшеліктерін сипаттау үшін талдамалы көрсеткіштер – салыстырмалы және орта шамалар, түрленім мен серпіннің, байланыс тығыздығының көрсеткіштер, т.б қолданылады; табыстылық көрсеткіштер – компанияның соңғы жылдық кезеңде алған бүкіл пайдасының 100 акцияға шаққандағы шамасының олардың ағымдағы бағасына қатынасы ретінде айқындалатын шартты салыстырмалы көрсеткіштер; төлем қабілеттілігі көрсеткіштері, яғни капитал құрылымының көрсеткіштер – компанияға ұзақ мерзімді салым салған несиегерлер мен инвесторлар мүдделерінің қорғалуы дәрежесінің сипаттамасы. Ол кәсіпорынның ұзақ мерзімді берешекті өтеу қабілетін көрсетеді; экономикалық көрсеткіштер – ел, аймақ, кәсіпорын, үй қожалығы экономикасының жай-күйі, осы жай-күйдің өзгеруі туралы, экон. даму, өсу, өрлеу немесе құлдырау туралы талдау, сараптау жасап пайымдауға мүмкіндік беретін шамалар, критерийлер (өлшемдер), деңгейлер, өлшеуіштер, индикаторлар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет