Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


тақырып Ұйым қызметін талдаудың әдістемесі мен ұйымдастыру ерекшеліктері



бет61/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   213
22. тақырып Ұйым қызметін талдаудың әдістемесі мен ұйымдастыру ерекшеліктері
1. Ұйымның қаржы қызметі 
2. Басқарудағы бақылаудың объективті керектілігі
3. Басқарудағы бақылаудың объективті керектілігі
4. Бақылаудың технологиясы: бақылаудың концепциясын таңдау, бақылаудың мақсатын анықтау, бақылаудың нормасының орындалуы, бақылау әдістері, бақылаудың көлемі мен қамту саласы


Ұйымның қаржы қызметі — ұйымның меншікті қаражатын, оның кірісін қалыптастыру, экономикалық қызметті қаржыландырудың қарыз көздерін тарту, осы қызмет барысында құралатын табысты бөлу, оны ұйымды дамыту мақсатына пайдалану. Экономикалық қызметті дамыту оның тиісінше қаржымен қамтамасыз етілуін, яғни бастапқы капиталды талап етеді, бұл капитал ұйым құрылтайшыларының салымынан құралады және жарғылық капитал нысанын қабылдайды. Бұл кез келген ұйым мүлкінің құралуының аса маңызды көзі болып табылады. Жарғылық капиталдың құралуының нақты тәсілдері ұйымдық-құқықтық нысанның таңдалуына байланысты. Ұйымды құру кезінде жарғылық капитал негізгі қорларды сатып алуға айналым қаражатын қалыпты өндірістік-шаруашылық қызметті жүргізу үшін қажетті мөлшерде құралады, лицензияларпатенттерноу-хау сатып алуға салынады, оларды пайдалану табыс құраудың маңызды факторы болып табылады. Нарық жағдайында істейтін Ұйымның қаржы қызметінің негізгі шарттары: бастапқы капитал өндіріске салынады, осы өндіріс барысында өткізілген өнімнің бағасымен тұлғаланатын құн жасалады. Өнім өткізілгеннен кейін ол ақшалай нысанға — өндірілген тауарларды өткізуден ұйымның есептесу шотына түсетін ақшалай түсім нысанына ие болады. Ақшалай түсім — әлі табыс емес, бірақ өнімді өндіруге жұмсалған қаражаттың орнын толтыру және ұйымның ақша қорлары мен сақтық қаржы қорларын жасақтау көзі.
Басқарудағы бақылаудың объективті керектілігі. Бақылау процесінің ұтымды құрылымына қорытынды фаза ретінде шешуші параметрлерді бақылау жатады. Бұл өндірістік функция өткізу нәтижесі туралы шешім қабылдау мүмкіндігіне ие болу үшін накты салыстырудан тұрады. Егер мұнда берілгендер мен нақты мәндер арасында сәйкессіздіктер қалыптасса, онда мұның себептерін талдау қажет етіледі. Берілген мәндер мен нақты мәндердің нәтижелерін салыстырғанда есеп беру түрінде бекітілетін қорытынды жасалады. Оның негізінде түзету мен жауапкершілік бойынша өлшемдер анықталу керек және болашақ өткізу мен шешімдер үшін дәрістер беріледі.
Бақылау дегеніміз — ұйым өз мақсатына жету үшін қамтамасыз ететін процесс. Бақылау стандарттары тұрақтандырудан, нақты жеткен нәтижелерді өлшеуден және жеткен нәтижелердін стандартты тұрақтандыру айырмашылығы болса, оларға түзетулер өткізуден тұратын процесс.
Егер біздің жоспарымыз іске асып, жоспарға сәйкес жүріп отырса, онда басқарудың бесінші қызметін — бақылауды алып тастауға болар еді. Бірақ біздің жоспарларымыз жетілмеген, жұмысын ойдағыдай орындамайды. Бізге Мерфидің мынадай зандары белгілі: 1. Жаман болатын нәрсе, болады. 2. Егер ештеңе де жаман болмаса, бәрібір жаман болады.
Басқарушылар бақылауды ұйым құрылғаннан кейін және мақсаттарын анықтап алғаннан кейін бастайды. Бақылау өте маңызды, онсыз қандай да болмасын топтардың қызметін біріктіру мүмкін емес.
Ұйым қызметінде табысты болу және қолдау өте маңызды болып табылады. Нақты жеткен нәтижелерді жоспарлағанмен салыстыра отырып, яғни "қойылған мақсаттарға қаншалықгы жеттік?" деген сұраққа басқарушы жауап бере отырып ұйымның қай жерде табысқа жеткенін, ал кай жерде сәтсіздікке ұшырағанын анықтауға мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда, басқарудың маңызды аспектілерінің бірі — ұйым қызметтерінің қандай бағыттары оның жалпы мақсатына жетуге себеп болғандығын анықтаудан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет