Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Көрсеткіштер жүйесінің экономикалық ерекшеліктері



бет52/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   213
Көрсеткіштер жүйесінің экономикалық ерекшеліктері – қызметтің жекелеген жақтарының, экон. нысанның қайсы бір ерекшеліктерінің, процестің немесе шешімнің сандық сипаттамасы. Абс. көрсеткіштер. (жұмыс істеушілер саны, айналым, т.б.) және салыстырмалы көрсеткіштер. (меншікті және несие капиталының, негізгі және айналым қорларының, т.б. ара қатынасы) түрлеріне бөлінеді. көрсеткіштер дің көрнекілігін қамтамасыз ету және өзара байланыстарын айқындау үшін көрсеткіштер жүйесі жасалады. Экон. мазмұнына қарай көрсеткіштер заттай, құндық (ақшалай) көрсеткіштер, еңбек көрсеткіштер болуы мүмкін. Есептеуіштік, матем. тұрғыдан: көлемдік, орташа, шектік, өспелі (сараланбалы), индекстік көрсеткіштерге ажыратылуы мүмкін. Ақпаратты автоматтандырылған өңдеу теориясы мен практикасында көрсеткіштер мынадай құрылымға бөлінеді: сандық мән (негіздеме) және оның мазмұндық белгілерінің жиынтығы, мұны индификатор деп атайды. Деректерді индификаторлармен өңдеу кезінде логик. операциялар жүргізіледі, ал негіздемелермен өңдеуде арифмет. операциялар жүргізіледі. Көрсеткіштер дің негізгі түрлері: айналым қаражаты айналымдылығының көрсеткіштері – айналым қаражатының пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер. Оған айналым қаражатының айналу жылдамдығы, яғни авансыланған қаражат толық айналым жасайтын уақыт пен айналымның ұзақтығы жатады; базистік (базалық) көрсеткіштер. – басқа көрсеткіштермен салыстыру негізі, базасы ретінде қабылданған экон. шама. Ол талдау, экон. зерттеулер, экон. шамалардың салыстырмалы мәндерін анықтау кезінде қажет. Мыс., биылғы экономиканың жай-күйін зерделеу кезінде өткен жылғы көрсеткіштердің немесе басқа елдердегі осындай көрсеткіштер дің, сондай-ақ әлемдік орташа Көрсеткіштердің мәнін базистік деректер ретінде қабылдауға болады; бәсекеге жарамдылық Көрсеткіштері – тауардың бәсекеге жарамдылық деңгейін сандық бағалау өлшемдерінің жиынтығы. Бағалау үшін жекелеген, топтық (жиынтық), интегралдық көрсеткіштер жүйесі қолданылады.
Жекелеген көрсеткіштер – қайсыбір тех. немесе экон. параметр шамасының қажетсіну нышаны теор. тұрғыда толық қанағаттандырылатын параметрдің шамасына пайыздық қатынасы. Топтық көрсеткіштер жекелеген көрсеткіштертерді біріктіреді және жалпы қажетсіну деңгейін сипаттайды. Интегралдық көрсеткіштер – тауардың бесекелесуге жарамдылығының сандық сипаттамасы. Тех. параметрлер бойынша топтық көрсеткіштертің экон. параметрлер бойынша топтық көрсеткішке қатынасы болып табылады; бухгалтерлік есеп көрсеткіштері – шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік құжаттарда (актілерде, талаптарда, кассалық шығыс ордерлерінде, лимиттік карталарда, маршруттық парақтарда, есептемелерде, тізімдемелерде, баланстарда) көрсетілген мүлкінің, міндеттемелерінің, шаруашылық операцияларының құндық сипаттамасы. Ол шаруашылық жүргізуші субъектінің шаруашылық құрал-жабдығының ауыспалы айналымын, шаруашылық-қаржы қызметінің қорытындыларын сипаттайды; бюджеттік мекемелердің көрсеткіштері – мектептердің, балабақшалардың, кітапханалардың, клубтардың, мемл. бюджеттен қаржыландырылатын басқа да бейөндірістік сала мекемелерінің саны туралы деректер; жоспарлы көрсеткіштер – кәсіпорынды, ұйымды, құрылымдық бөлімшені жоспарлы түрде дамытудың сандық және сапалық сипаттамалары, оларда жоспарлы тапсырма көрсетіледі, ресурстармен қамтамасыз етілу, жоспарлы кезеңдегі өндіріс пен тұтыну процестерінің параметрлері, соның ішінде құндық көрсеткіштері де айқындалады; инновациялық қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері – жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен технол. процестерді енгізудің нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштердің жиынына кірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет