Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет54/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Бақылау сұрақтары:
1. IBM® Cognos TM1 көрсеткіштер жүйесі
2. Пайдаланушылар көрсеткіштер жүйесі
3. Көрсеткіштер жүйесінің экономикалық ерекшеліктері 


19.тақырып Экономикалық талдау түрлері

1. Экономикалық талдау


2. Экономикалық талдау түрлері
3. Кәсіпорынның экономикалық талдау бағыты


Экономикалық талдау басқару шешімдерін қабылдайтын ғылыми база болып табылады. Оны негіздеу үшін потенциалды мәселелерді, қаржылық және өндірістік тәуекелділікті көрсету және болжау, шаруашылық субъектінің табыс пен тәуекелділік дәрежесіне қабылданатын шешімдердің әсерін анықтап, шаруашылық қзмет нәтижесіне талдау жүргізу қажет.
Шаруашылық субъектінің статусының жоғарылауы олардың адында өндірістік және қаржылық мәселелердің шешілуіне мүмкіндік ашып, басқарушылар алдына қаржыландыру көзін табу, инвестициялық саясатты оңтайландыру мәселелерін қояды. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау, төлем қабілеттілігін анықтау және объективті, ғылыми негізделген оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық талдау қажет.
Табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмірді зерттеуді талдаусыз жүргізу мүмкін емес. «Талдау» терминінің өзі гректің «analyzis» деген сөзінен шыққан, аудармасында «бөлшектерге бөлемін» дегенді білдіреді. Демек, талдау шағын мағынада құбылыстар мен заттарды зерттеу үшін оларды құраушы бөлшектерге бөлемін дегенді білдіреді. Мұндай бөлшектеу зерттелетін заттың, құбылыстың, процестің ішіне үңілуге, оның әр бөлшегінің мәнін анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, өнімнің өзіндік құнының мәнін ұғу үшін оның тек қандай элементтерден құралатынын ғана емес, сондай-ақ әр шығын бабы мөлшерінің неге байланыстылығын білу керек. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы мен оған әсер ететін факторлар дәлірек қарастырылған сайын, біз бұл экономикалық құбылыс жайында көбірек білетін боламыз және өнімнің өзіндік құнының қалыптасуын анағұрлым жақсы басқара аламыз.
Сонымен қатар, қоршаған ортаның көптеген құбылыстары мен процестері тек анализ көмегімен ғана таныла алады деп айта алмаймыз. Кей кездерде адамның ойлау қабілеттілігіне сай келетін басқа тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл мағынада талдауға зерттелетін заттың әртүрлі бөлшектері арасындағы байланысты табатын синтез жақын келеді. Қазіргі кездегі диалектика шындықты зерттеудің ғылыми әдістері ретінде талдау мен синтездің бірлігінен шығады. Тек талдау мен синтез ғана біріккен күйде құбылыстардың жан-жақты диалектикалық байланысының ғылыми зерттелуін қамтамасыз етеді.
Сонымен, талдау ұғымы кең көлемде кішкентай бөлшектерге бөлінген және олардың байланыстарының әртүрлілігіне қарамастан табиғат құбылыстары мен заттарын танудың тәсілі ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет