Нарықтық экономикадағы қаржылық бақылау Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылаудың жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады: тексеріс (бақылау құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру), инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйімен жалпы танысу), тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржы- шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды ыңғайласпа (үстеме) тексеру, ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтарды түгендеу,сандық есепке алудықалпына келтіру, бақылау мақсатында салыстыру және басқалары.
Аталған жалпы әдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізудің әдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады.
Тексерулердің тікелей табыс, қосылған құн салығы, рентабельділік (пайдалылық), өзіндік құн, айналыс шығындары, әр түрлі мақсаттар мен қорларға аударылатын аударымдар сияқты қаржылық (құндық) көрсеткіштер болып табылады. Бұл көрсеткіштертердің жинақталмалы сипаты болады, сондықтан олардың орындалуын, динамикасын, өндірістік, шаруашылық және коммерциялық қызметінің барлық жақтарын, сондай-ақ қаржы- кредиттің өзара байланыстарының механизмін қамтиді.
Ақшаны пайдаланумен, ал кей жағдайларда онсыз да (баспа-бас айырбас мәмілелері, т.б) жасалынатын іс-жүзіндегі барлық операциялар қаржылық бақылаудың сферасы болып табылады.
Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен шолып визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер, анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тиым салу және тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды.
Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындары- тексеру, экономикалық талдау, тексеріс (ревизия). Тексеру шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін.
Шоттық тексеру— бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салық есеп-қисаптарының ақиқаттығын тексеру.
Тақырыптық тексеру-бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылық – қаржы жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру.
Экономикалық талдау – бұл объектінің шаруашылық- қаржы қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдарын мен факторларын негіздеу.
Экономикалық талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен бірге бақылаудың сыртқы органдары – банктер, қаржы, аудит фирмалары да жүргізеді.
Тексерулер мен қарап шығуды бақылау органдары шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы – шаруашылық қызметінің белгілі бір мәселелері бойынша немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен, учаскесімен танысу жолымен бір мәселе тақырып бойынша жүргізеді. Сондықтан тексерулер негізінен тақырыптық болып келеді.