Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Қаржылық бақылаудың ұғымы



бет74/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Қаржылық бақылаудың ұғымы
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қаржылық қызметінің ажырағысыз құрамды бөлігі қаржылық бақылау болып табылады.Қаржылық бақылау-қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау,бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған.Ол қаржыны басқарудың функциялық элеметтнрімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Бақылау функциясы-қаржының ішкі қасиеті,ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болыптабылады. Қаржылық бақылаудың арналымы мемлекеттің қаржы саясаттың ойдағыдай іске асыруға жәрдемдестігінде,қаржы ресурстарын қалыптастыру және тиімді пайдалану үдерісін қамтамасыз ететіндігінде.Экономикалық категорияларды пайдаланумен байланысты бақылаудың ерекше саласы ретінде қаржылық бақылаудың ерекше саласы ретінде қаржылық бақылаудың белгілі бір қолдану сферасы мен тиісті нысаналы бағыттылығы болады. Ғылыми негізделген қаржы саясатын,тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы,қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі.Басқа жағынан,қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда,оперативті басқаруда пайдаланылады. Қаржылық бақылаудың объектісі қаржы ресурстарын,соның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық деңгейлері мен буындарында ақша қорлары нысанында қалыптастыру және пайдалану кезіндегі ақша бөлгіштік үдерістер болып табылады.
Алайда қаржылық бақылаудың объектісі тек ақша қаражаттарын ғана тексерумен шектелмейді.Түпкілікті қорытындыда қазіргі жағдайларда өндіру мен бөлу үдерісі ақша қатынастарымен ортақтастырылатындықтан ол елдің материал,еңбек ,табиғи және басқа ресурстарын пайдалануды бақылауды білдіреді.
Қаржылық бақылаудың өзіндік өзгешелігі-оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекеттің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен әкімшілік,құқықтық,әлеуметтік,техникалық,саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін.
Тәуелсіздік қағидаты-мемлекеттік,қаржылық бақылау органдарының,мәслихаттардың тексеру комиссияларының,бақылау функцияларын жұзеге асыру кезінде олардың жүргізіп жатқан бақылау іс-шарасының тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін кез-келген араласушылыққа жол бермеу.
Бақылаудың объективтілік қағидаты-бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына,мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікпен жүргізу,мүдделер қақтығысына жол бермеу,бақылау нәтижелері бойынша анықталған және құжаттармен расталған фкатілер негізінде ғана шешімдер қабылдау.
Бақылау нәтижелерінің анытық қағидаты-бақылау нәтижелерін бухгалтерлік,банктік құжаттармен мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің өзге құжаттарымен растау.
Бақылаудың ашықтық қағидаты-бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы,мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының,мәслихаттардың тексеру комиссияларының Қазақстан Республикасының Парламентіне, Президентіне,Үкіметіне,мәслихаттарғаесепберетіндігі. Құзырлылық қағидаты-мемлекеттік қаржылық бақылау органдары,ішкі бақылау службалары жұмыскерлерінің,мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерінің бақылауды сапалы жүзеге асыруы үшін қажетті кәсіби білімдермен дағдылардың жиынтығы.
Жариялық қағидаты-құпиялық режимін,қызметтік,коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып,бақылау нәтижелерін жариялау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет