Бақылау сұрақтары: 1. Тақырыптық тексерістер 2. Шоттық тексеру 3. Тақырыптық тексеру 4. Құжаттық тексерісті 5. Тексерістердің тәсілдері
27. тақырып Ұйымдардың қызметін бақылаудың нысандары мен әдістері.
1. Ұйымдардың бақылау
2. Ұйымдардың қызметін бақылау
3. Ұйымды бақылаудың принциптері
4. Ұйымға қорытынды бақылау жасау
5. Ұйымға бақылаудың ұйымдастыру формалары
6. Ұйымға бақылау және қадағалау нысандары
Бақылау – бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ету үрдісі. Бақылау - ұйымның өмір сүруінің негізгі элементі болып табылады. Бақылаудың қажеттілігі дағдарыс жағдайының пайда болуын алдын ала сақтандыру. Бақылаудың қызметі – бұл мәселені айқындауға мүмкіндік беретін, әрі туындаған мәселелер дағдарысқа ұшырамай тұрып ұйым қызметіне тиісті өзгерісткер енгізетін басқару сипаты. Бақылау жоспарланған мен нәтижелердің арасындағы қатынасты айқындайды. Бақылауды жүзеге асырудың қажеттілігінің басты себептерінің бірі сол, кез келген ұйым өз қателіктерін дер кезінде таба білуі.
Ұйымдардың бақылау қызметі — бұл мәселені айқындауға мүмкіндік беретін, әрі туындаған мәселелер дағдарысқа ұшырамай тұрып, ұйым қызметіне тиісті өзгерістер енгізетін басқару сипаты. Осылай үш мындай жыл бұрын Қытайдың дана кітабы «И Цзиньде» ( «Өзгеріс кітабында» ) басқару ғылымының алғашқы идеясы пайда болғанға дейін былайша жазылған болатын: «Ақылды адам табысқа қалай жеткенін білгеннен кейін, ол тағыда солай істейді. Егер өз қатесін сезінсе, оны ол қайталамайтын болады» . Бақылауды жүзеге асырудың қажеттілігінің басты себептерінің бірі сол, кез келген ұйым өз қателіктерін дер кезінде таба білуі, әрі оны ұйымның алдындағы мақсатына нұқсан келмей тұрып дұрыс арнаға бағыттай білуде.
Ұйымдардың бақылаудың принциптері: Жүйелік және жанжақтылық: тексеру барысында тек кемшіліктерді ашып қана қоймай, оны жоюдың жолдарын да қарастыруы тиіс. Бақылау тұтастай қамтылу принципі: әрбір басшы өзін-өзі бақылауы тиіс. Бақылау басқару үрдісінің негізгі элементі: басқарумен бөліп қарастыруға болмайды
Алдын ала бақылауды жүзеге асырудың негізгі құралдары: белгіленген ережелерді, процедураларды және жүріс-тұрыс линиясын жүзеге асыру. Алдын ала бақылау үш сала, яғни адамдар, материалдар және қаржы ресурстары тарапынан жүзеге асырылады. Адам ресурстары саласында алдын ала бақылау белгілі бір қызмет міндеттерін орындауға қажетті кәсіптік білім мен шеберлігін мұқиат талдау және біршама дайындығы мен біліктігі бар адамдарды таңдау арқылы жүргіздіріледі. Материалдық ресурстарды алдын ала бақылағанда материал сапасының стандарттарға сәйкестігі, жаңадан түскен материалдардың жай-күйі, жарамдылығы анақталады. Қаржы ресурстарын алдын ала бақылаудағы маңызды буыны бюджет. Бюджет алдын ала бақылаудың механизмі болып саналады.
ғымдағы бақылау: Ағымдағы бақылау жұмыс барысында жүзеге асырылады, оның объектісі көбінесе бағынышты қызметкерлер, ал мұны жүзеге асырушы тікелей басшы. Бағынышты адамдардын жұмысын ұдайы тексеру, жұмысты жетілдіру мақсатында туындаған мәселелер мен ұсыныстарды талқылау белгіленген жоспарлар мен нұсқаулардан ауытқуға жол бермейді.
Ұйымға қорытынды бақылау жасау Мұның екі маңызды қызметі бар. Бірінші қызметі: егер жоспарлауға қажетті ұқсас жұмыстарды алдағы уақытта атқару ұсынылған жағдайда, қорытынды бақылау басшыға ақпаратты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Нақты алынған нәтиже мен талап етілетін нәтижені салыстыру арқылы басшының жоспардың қаншалықты дәл жасалатындығын бағалауға мүмкіндік болады. Мұның өзі, сонымен қоса, пайда болған мәселелер туралы ақпарат алуға, сөйтіп болашақта мұндай мәселелерден құтылу үшін жаңа жоспар жасауға ықпал етеді.