Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет137/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Рентабельділік, пайдалылық (нем. rentabel — табысты, пайдалы) — тиімділік‚ фирманың‚ оның қызметінің табыстылық көрсеткіші. Сан жағынан табысты шығынға бөлуден алынған жеке сан ретінде айқындалады. Түрлері: инвестициялар Рентабельділікnі — ұлғаймалы өндіріс пен жаңа техникаға жұмсалған күрделі қаржының тиімділігі. Ол күрделі жұмсалымның пайдалылығымен және оның өтелу мерзімімен сипатталады; капитал Рентабельділікгі — жұмсалған капиталдың бір теңгесіне шаққандағы алынған пайданың шамасын сипаттайтын көрсеткіш. Абсолюттік есеппен (теңге/тиын есебімен), бірақ көбінесе салыстырмалы көрсеткішпен (пайызбен) тұлғаланады. Пайданың қандай капиталға жатқызылатынына қарай өндіріс Рентабельділікгі, атаулы меншікті капитал Рентабельділікгі, баланс бойынша капиталдың қосынды шамасының Рентабельділікгі түрлеріне бөлінеді. Капитал рентабельділікгі мен айналым рентабельділікгі арасында өзара байланыс болады, ол кәсіпорынның өнімді өткізуден алған табысындағы пайданың үлес салмағымен сипатталады; өндіріс Рентабельділікті — өндіріс тиімділігінің жалпылама көрсеткіші, ол өндірістік қордың бір теңгесіне шаққанда келетін пайданың мөлшерін көрсетеді. Өндірістік ресурстардың (негізгі өндірістік қорлар мен нормаланатын айналым қаражатының) құнына баланстағы пайданың қатынасымен (пайыз есебімен) айқындалатын өндірістің жалпы Рентабельділікті, пайданы алуға қатысатын өндірістік ресурстардың құнына таза пайданың қатынасымен айқындалатын өндірістің есептік Рентабельділікгі түрлеріне бөлінеді; өнімнің Рентабельділікті — өнімнің тиісті түрін өткізуден алынған пайданың оны өндіру мен өткізуге жұмсалған шығынға қатынасымен айқындалатын көрсеткіш.[2]
Жүргізген талдау қорытындылары кәсіпорын қызметінің рентабельсіз екенін анықтады . Өйткені кәсіпорын талдау жүргізілген уақытта таза табыс таппай отыр. Бірақ та уақыт өте келе кәсіпорынның шығындылығы аз да болса азаюда екенін айтпай кетуге болмайды.
Кәсіпорын активтері рентабельді болуы үшін ең бірінші табыс табуы және оны арттыруға тырысуы қажет. Сатудан түскен түсімді арттыру үшін және қосымша пайда алуы үшін бөлшектеп сату желісіне көп көңіл бөлген жөн.
Сонымен қатар кәсіпорын:
-өнімнің өзіндік құнының құрылымын қайта қарап, шығындардың артуының себептерін анықтап, оларды азайту жолдарын іздеу қажет.
-баға саясатын өзгертуі қажет, яғни өнім бағасына қосылатын рентабельділіктің пайыздық мөлшерін арттыру.
Өнімнің өзіндік құны-кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Соңғы жылдары өнімді өндіру мен сату шығындарының өсуі байқалады. Өзіндік құнның өсуіне шикізаттардың, материалдардың, көлік қызметтеріне та-рифтердің қымбаттауы алып келеді. Қайта бағалаумен байланысты Негізгі құ-ралдардың амортизациялық аударымдар сомасының артуы, жалақы бойынша шығындардың артуы жалпы шығындардың артуының негізгі себептері болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың ең бір маңызды жолы - өзіндік құнды азайту болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің көлемін арттыру болып табылады, өйткені бұл жағдайда өнім бірлігіне келетін тұрақты шығындардың мөлшері азаяды.
Өнім өндірудің қандай көлемінде, өткізуден түскен табыс өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын және табыс та, шығын да болмайтын өткізудің қауіпті көлеміне қалай қол жеткізеді деген сұрақ туады. Егер өнімді өткізуден алынған нақты табыс, оның толық өзіндік құнынан жоғары болса, онда кәсіпо-рын ұшрайды. Сондықтан кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында көптеген кәсіпорындарда “рентабельділік шегі” деген атпен белгілі әдіс қолданылады.
Оның негізгі мақсаттары:
- Өндірістің қаупі көлемін анықтау;
- Өнім өткізуден түскен табыстың қаупті көлемін анықтау;
- Тұрақты шығындардың қаупті деңгейін есептеу;
- Өткізудің қаупті бағасын есептеу болып табылады.
“Рентабельділік шегі” – кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңтайландырудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар оны өнімнің рентабельді ассортиментін қалыптастыруда, баға белгілеуде және тиімді баға саясатын әзірлеуге пайдалануға болады.
Осылайша, бұл іс-шараны жүргізу біздің кәсіпорын үшін өндірістің қаупті көлемін анықтауға және өткізудің қаупті бағасын есептеуге өте қажетті болып табылады.
Кәсiпорын қызметінің қаржылық нәтижесіне жалпы баға беру үшін табыстылықтың абсолюттi және салыстырмалы көрсеткiштерін есептеу қажет.
Бұл көрсеткіш кәсіпорын қызметінің тікелей табыстылығын емес, шаруашылықтың ауқымын, көлемін бейнелейді.
- жалпы табыс (маржиналдық табыс):
- өнім өткізуден түскен табыс (түсім)
- өткізілген өнімнің өзіндік құны.
Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өндіріске жұмсалған айнымалы шығындарды жабу деңгейін сипаттайды.
- негізгі қызметтен табыс : жалпы табыс – кезең шығындары (жалпы және әкімшілік, сату бойынша, проценттер төлеу бойынша шығындар). Бұл көрсеткіш негізгі қызметтің салық төлегенге дейінгі табыстылығын сипаттайды.
- әдеттегі қызметтен салық төлегенге дейінгі табыс: негізгі қызметтен табыс + негізгі емес қызметтен табыс
- әдеттегі қызметтен салық төлегеннен кейінгі табыс : әдеттегі қызметтен салық төлегенге дейінгі табыс – корпорациялық табыс салығы
- таза табыс: әдеттегі қызметтен салық төлегеннен кейінгі табыс +- төтенше жағдайлардан табыс (зиян)
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері:
- өткізілген өнімнің рентабельділігі - өнім өндірісіне жұмсалған 100 теңге шығынға (айнымалы шығындар) неше теңге жалпы табыс алынғанын сипаттайды :
жалпы табыс / өткізілген өнімнің өзіндік құны * 100
- өнімнің 1 теңгесіне шығын - өткізілген өнімнің 1 теңгесіне неше теңге шығын жұмсалған
өткізілген өнімнің өзіндік құны / өнім өткізуден табыс (түсім)
- негізгі өндірістің рентабельдігі – негізгі өндіріске жұмсалған барлық шығындардың 100 теңгесіне неше теңге табыс алынғанын сипаттайды:
негізгі қызметтен табыс / (өнімнің өзіндік құны + кезең шығындары ) *100
- сатудың рентабельділігі – түсімнің 100 теңгесіне неше теңге табыс алынғанын сипаттайды :
жалпы табыс / өнім өткізуден табыс *100
- активтердің , меншікті капиталдың, заемдық капиталдың, т.б. рентабельділігі – активтердің, меншікті капиталдың, т.б. 100 теңгесіне неше теңге таза табыс алынғанын сипаттайды:
таза табыс / активтер, меншікті капитал т.б. орташа жылдық құны * 100
- инвестициялардың рентабельділігі - инвестицияланған қаражаттың 100 теңгесіне неше теңге таза табыс алынғанын сипаттайды:
таза табыс / меншікті кап. + ұзақ мерз. міндеттеме орт. құны * 100
- өндірістік қорлардың рентабельділігі - өндірістік қорлардың 100 теңгесіне неше теңге таза табыс алынғанын сипаттайды:
таза табыс / негізгі + айналым қорларының орт. жылдық құны * 100
- негізгі қорлардың рентабельділігі - өндірісте пайдаланылған негізгі қорлардың 100 теңгесіне неше теңге табыс алынғанын сипаттайды;
таза табыс / негізгі өндірістік қорлардың орт. жылдық құны * 100
Жоғарыда келтірілген табыстылықтың көрсеткіштерінің барлығын қаржылық есеп мәліметтері негізінде (бухгалтерлік баланс пен табыстар мен шығындар есебі) кез-келген қызығушы тарап есептеп, тиісті шешімдер қабылдай алады. Сонымен бірге, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесіне жалпы баға беру үшін ресурстардың жеке түрлерін пайдалану тиімділігін сипаттаушы келесідей көрсеткіштерді есептеуге болады:
- еңбек өнімділігі (сағаттық, тәуліктік, жылдық );
- өнімнің еңбек сыйымдылығы;
- қор қайтарымы;
- қор сыйымдылығы;
- материал қайтарымы;
- материал сыйымдылығы (отын, энергия сыйымдылығы) , т.б.
Талданып отырған кәсiпорынның табыстылығының негiзгi абсолюттi және салыстырмалы көрсеткiштерi 2 –кестеде бейнеленген.
Жиынтық капиталдың рентабельдiлiгiнiң өзгерiсiне факторлық талдау кәсiпорынның күштi және әлсiз жақтарын анықтауға мүмкiндiк бередi.
Демек, кәсiпорынның капитал айналымдылығын жоғарылату арқылы жалпы рентабельдiлiктi арттыру мүмкiншiлiгi бар. Сол себептi капитал айналымдылығына талдау жасағанда оны жоғарылату мүмкіншіліктеріне назар аудару керек




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет