Мына шарттарға сəйкес келетін экономикалық мəселелерді статикалық есептерге жатқызуға болады:
-əр нұсқада бағалайтын мерзімі ішінде жылдық жəне ағымдағы шығындар шамасы
тұрақты немесе 5 – 15 пайыз арасында өзгеруі;
-нұсқалардың өнім көлемдері мен сапасын салыстыру түрге келтіру мүмкіндігі;
-бағалау мерзімі азғантай болуы.
Статикалық есептерге кен өндіретін жабдықтарды салыстыру, үйінді құру əдістерін
негіздеу, оржолдарды жүргізу нұсқаларын бағалау жəне т.б. жатады .
Динамикалық есептер мына белгілермен сипатталынады:
-бағалайтын кезең ішінде жұмыстар мен шығындардың жылдық көлемдерінің , тауар
өнім бағасының əр жылдағы мəнінің, сондай –ақ пайдалы қазбаның көлемі мен сапасының
өзгеру салдарынан кəсіпорын пайдасының бірқалыпсыздығы;
-жұмыстарының өндіру жұмыстарына қарағанда озу салдарынан оларға
жұмсалған шығындардың əр түрлі уақыттылығы;
-кəсіпорында салу кезінде ғана емес, тағы кен орнын пайдалану уақытында да күрделі
қаржы жұмсау қажеттілігі;
-бағалау кезеңі мен өндіру жұмыстарының тереңдігі артуымен байланысты уақыт
аралығында негізгі техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің өзгеруі.
Сонымен, динамикалық (серпінділік) есептерді қарастырғанда экономикалық
критерийлері болып пайдалылық , табыстылық , инвестициялардың шамасы мен тиімділігісаналатын болса, статикалық есептерде ең аз шығын, өнімнің өзіндік құны жəне
инвестицияларды қайтару (өтеу) мерзімі экономикалық критерийлері болуы мүмкін.
Инвестициялық жоба, басқа қаржы операцияларының қайсысы болса да, табыс алу
мен шығындар шығарумен байланысты болғандықтан, ақша ағындарын туғызады.
Жобаның əр қадамында ақша ағынының мəні мына көрсеткіштермен сипатталады:
-ақша қаражаттарының түсімі - əр қадамдағы ақша түсімдердің шамасына тең;
-ақша қаражаттарының жұмсалуы (жылыстауы) - əр қадамдағы ақша төлемдеріне тең;
-сальдо (активті баланс, нəтиже) – түсім мен жұмсалу арасындағы айырым.