Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


тақырып Өндірістің қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдаудың негізгі әдістері



бет88/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

31. тақырып Өндірістің қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдаудың негізгі әдістері

1. Өндірістік қызмет тиімділігінің көрсеткіштері


2.Тиімділіктің (эффектінің) көрсеткіштерін есептеген кезде шығындар мен нəтижені
бірнеше əдістер мен өзара салыстыру
3. Инвестициялар – экономикалық санат ретінде
4. Динамикалық есептер мына белгілермен сипатталынады
5.Тау кен өндірісінде оңтайлық жобалық жəне жоспарлы есептерді шығарғанда 
мына төменгі төрт критерийлері


Өндірістік қызмет тиімділігінің көрсеткіштері
Кəсіпорынды басқаратын адамадрдың негізгі қызметі – шешім қабылдау, олар
бірнеше нұсқаларды салыстырып, ең тиімдісін таңдайды. Шешім қабылдау экономикалық
тиімділіктің теориясына жəне шаруашылық, инвестициялық шешімдердің оңтайлылық
критерийіне сүйенеді.
Тиімділіктің критерий ұғымы экономикалық, технологиялық, əлеуметтік жəне
экологиялық көрсеткіштерге негізделуі мүмкін.
Өндірістік қызметі мəселелерін шешуге экономикалық тиімділіктің критерийі
негіз болып саналады жəне оған көбірек көңіл бөлген жөн.
Кəсіпорын қызметінің тиімділігін дұрыс бағалау үшін ресурстар мөлшерін тұтынуын
анықтап, кəсіпорын пайдаланған ресурстардан не шығарылғанын білу қажет. Басқа сөзбен
айтқанда өндіріс қызметінің тиімділігін білу үшін тұтынылған ресурстардан, қандай нəтиже
алынды.
Тиімділіктің (эффектінің) көрсеткіштерін есептеген кезде шығындар мен нəтижені
бірнеше əдістер мен өзара салыстыруға болады:

1) Н/Ш – бұл тиімділіктің көрсеткіші, ол шығындардың бірлігінен алынатын
нəтижені сипаттайды.
2) Ш/Н – қатынасы меншікті шығындар түріндегі тиімділікті көрсетеді.
3) Н – Ш айырым нəтижесінің өндіріске жұмсалған шығындардан абсолюттік асып
түсуін сипаттайды. Осы шаманы эффект немесе абсолютті тиімділік деп атайды.
4) Егер эффектіні шығындарға немесе нəтижеге бөлсек, онда мынадай көрсеткіштер
пайда болады: (Н-Ш)/Ш немесе (Н-Ш)/Н.
Біріншісі шығынның бірлігінен алынған эффекті, салыстырмалы эффекті, ал екіншісі –
эффектінің үлесті шамасын көрсетеді.
Шығындарды нəтижелермен əр түрлі салыстыру мүмкіндігі тəжірибеде пайдаланатын
экономикалық критерийлердің əр алуандылығының себебінің бірі болып саналады.
Тиімділіктіліктің экономикалық көрсеткіштердің əр алуандығының екінші себебі
шығындары мен нəтижелерінде өндірістің əр түрлі аспектілерін есепке алуға болады.
Мысалы, нəтижені өнім деп, ол шығындарды – жанды еңбек шығындары десек, онда
Н/Ш қатынасы еңбек өнімділігіне, ал Ш/Н – еңбек сыйымдылығына сəйкес келеді. Егер Ш –
ды материал, энергия шығындары деп қабылдасақ, онда Ш/Н қатынасы материал, энергия
сыйымдылығы болып табылады. Егер нəтижені өнім өткізу көлемі, ал шығындарды – өнімнің өзіндік құны деп алса, онда (Н-Ш) – айырмасы пайданы, ал (Н-Ш)/Н - өнімінің өзіндік
құнына қатысты пайдалылықты (өнім пайдалылығын) көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет