Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Инвестициялар микродеңгейге келесі мақсаттарды орындауға керек



бет90/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Инвестициялар микродеңгейге келесі мақсаттарды орындауға керек:
-өндірісті кеңейту мен дамытуға;
-өндірістің техникалық деңгейін көтеруге;
-кəсіпорынның өнім сапасын көтеру мен оның бəсекелесуге жарамдылығын
қамтамасыз етуге;
-табиғатты қорғау шараларды жүзеге асыруға;
-бағалы қағаздарды сатып алу мен басқа кəсіпорындардың активтеріне қаражат салуға.
Инвестициялардың соңғы мақсаты – кəсіпорынның келешекте тұрақты қызмет істеуін
қамтамасыз етуге, пайданың мөлшерін барынша көбейтуге қызмет ету.
Жобалық талдау тұжырымдамасы
Жобалық талдау – жобалық шешімдерді қою мен негіздеу үшін пайдаланылатын
əдіснамалық құрал – жабдықтардың жиынтығы. Жобалық талдау дегеніміз – инвестициялық
жобаны іске асыру шығындары мен оны орындағаннан алынатын тиімділікпен салыстыру.
Жобалық талдау түрлері мынадай:
техникалық мақсаты
 – техника мен технологияның ең тиімді нұсқасын анықтау;
коммерциялық (маркетингтік) мақсаты - өнімді түпкілік тұтыну бағыттар жағынан
бағалау;
ұйымдастырушылық мақсаты – жобаны іске асыру аумағындағы ұйымдастырушылық
, құқықтық , саяси жəне əкімшілік жағдайларды бағалау;
экономикалық мақсаты – жобаны халық шаруашылық көзқарас жағынан тұтас
алғанды зерделеу;
қаржы мақсаты – жобаның нақты бөлімдеріне сəйкес шығындар мен нəтижелерді
зерттеу;
экологиялық мақсаты – қоршаған ортаға нақты зиян келтіргенді дəлелдеу;
əлеуметтік мақсаты – жоба нұсқаларының пайдаланушыларға жарамдылығын, жұмыс
орындарының өзгеруін, еңбек жағдайларының жақсаруын айқындау.
Тау – кен өнеркəсібінде инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
Тау – кен кəсіпорынның параметрлерін оңтайландыруы (карьер тереңдігі, өндірістік
қуаты) серпінді есептер тобына жатады, мұнда бағаланатын жəне салыстыратын нұсқаларшығындар шамасымен ғана емес, тағы да қаржы жұмсау уақытымен, пайда 
шамасымен жəне оны алу уақытымен ажыратылады.
Салыстыратын нұсқалар жұмыстардың жылдық көлемдерінің бірқалыпсыздығымен,
өндіру жұмыстарына жұмсалған шығындардың бірталай алуан уақыттылығымен, соны
орындау үшін керекті кен даярлау (əзірлік) немесе аршу жұмыстарымен сипатталады.
Бұдан басқа, нұсқалар пайдалы қазбаларды өндірудің жылдық көлемдерімен, бағаланатын кезеңде өнімнің өзіндік құны мен сапасының өзгеруімен, сондай ақ бағалайтын 
кезеңдердің ұзақтығымен өзгешеленуі мүмкін.
Профессор Хохряков В.С. пікір бойынша сертінді есептерді бағалағанда келтірілген
шығындар формуласын (Сі + ЕнКі) кен өндірісінің ерекшелігімен байланысты іс
жүзіндепайдалануы қиын. Бұл формула профессордың пікірі бойынша орталықтан
жəне қаржыландыру кезінде күрделі қаржы салымдарының барынша көп мөлшерін негіздеуге қолайлы болған.
Кен жұмыстарының дамуы күрделі қаржы салымдарды бір жолға емес, кен орнын
қазудың барлық мерзімі ішінде жұмсауды талап етеді.
Құрылысқа, кəсіпорынды жаңғыртуға, жабдықтарды ауыстыруға жұмсалатын
инвестициялар көлемін негіздеу пайда мен инвестициялардың тиімділігімен байланысты,олар – нарықтық экономиканың критерийлері болып саналады.
Техникалық жəне экономикалық мəселелерді шығындардың əр түрлі уақытта
жұмсалатыны, айқындайтын факторлардың серпініне жəне бағалау мерзіміне байланысты динамикалық жəне статикалық түрлеріне бөлуге болады. 
Олар бағалау критерийлерімен жəне уақыт факторын ескеру əдістерімен ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет