ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет114/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   382
Байланысты:
Философия

Рене Декарт
(1596-1650) бол-
ды. Бірақ Бэкон да, Декарт та бір дәуірдің адамдары болғандықтан, 
олардың философиялық жүйелерінде де ортақ нәрселер көп еді.
Сократтың күні бойы қар үстінде тұрып ойға шомғанды жақсы 
көргені туралы айтылып жүр. Ал Декарт жылы жерде отырып 
еңбектенгенді ұнатса керек. «Әдіс туралы ойлар» деген кітабында ол 
аязды бір таңда Баварияда пеш (көлемді ішкі кеңістігіне адам еркін 
сыйып кететін орыс пеші сияқты болса керек) ішіне кіріп алып, күні 
бойы сонда ойға шомумен отырғанын сипаттайды. Нақ сол кезде, оның 
айтуынша, ол өзінің философиясының жартысына жуығын бітіріп 
қойған екен.
Ең бастысы, Бэкон мен Декартты жақындастыратын – ол ғылыми 
зерттеулер әдістемесінің мәселесі. Бэкондікі сияқты, Декарт әдістемесі 
де схоластикаға қарсы бағыт сипатында болды. Бірақ Бэконға 
қарағанда, Декарттың философиялық мәселелерге көзқарасы түбегейлі 
басқаша болды. Оның мейлінше жан-жақты философиялық сипатта 
қорытындылауға бейімділігін мықты математик болғандығынан деп 
ойлауға болады.
«Әдіс туралы ойлардан» басқа, Декарт 
«Философия бастауы», «Ди
-
оптрика», «әлем туралы трактат», «ақылды басқару ережелері» 
деп аталатын және басқа да ғаламат туындылар жазған.
Өзінің онтологиялық, яғни болмыс туралы ілімге қатысты 
көзқарастарында Р.Декарт дуализмді ұстанған. Ол негізгі белгісі 
(қасиеті) 
ұзындық
болып табылатын 
материалдық
түпнегізді және 
негізгі белгісі ойлау болып табылатын 
рухты
мойындайды.
Адамға осындай көзқарастар тұрғысынан келгенде, ойшыл 
қиындықтарға тап болды. Адам бойында материалдық және рухани 
бастау қалай үйлесім тапқан? Сол кездегі физиологияның жеткілікті 
дамымауы себепті, ол бұны Құдай берген даналық деп түсіндіреді.


129
Алайда өзінің 
космогониялық
(әлемнің пайда болуы туралы) 
тұжырымдарында ол Құдай идеясын Оның Әлемді жаратуымен және 
оны қозғалысқа келтіруімен шектейді. Ары қарай, оның пікірінше, 
Табиғат өз заңдылықтары негізінде дами береді. Құйын тектес 
қозғалыстағы материалдық бөлшектер қыза келе Жұлдыздарға, Күнге 
айналады. Ең кішкентай бөлшектерден Аспан, ал ауыр, аз қозғалатын 
бөлшектерден Жер және басқа планеталар жаратылады.
Өмір мәселесі туралы көзқарастарында ол 1628 жылы Гарвей ашқан 
қан айналымы туралы жаңалықтың әсерін көп сезінді. Нәтижесінде, 
Декарт ғылымда алғашқы болып ағзаның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет