323
ғылыми танымның негізгі әдістеріне жатқызуға болады, өйткені
ғалым зерттеліп
жатқан заттың жеке-дара, кездейсоқ қырларынан
тартынып, оның маңызды, қажетті байланыстарын бөліп алады. Дәл
осыған байланысты ғылымда ұғым-түсініктер (санаттар) пайда бо-
лады.
Мыңжылдықтар бойы, негізінен, жердің үстіңгі бетіндегі зат-
тар мен құбылыстар зерттеліп келді. Іс жүзінде әрбір дерексіздікке
ұғымдардың ар
жағында жатқан, сезіммен қабылданатын заттар мен
құбылыстар сәйкес болды. Енді, XX ғасырдан бастап, жағдай күрт
өзгерді: жай денелердің қозғалысы мен жылдамдығының,
олардағы
температура мен қысымның орнына, ойша көз алдымызға келтіре ал-
майтын «жарықтың жылдамдығына жақын қозғалыстар», «аса жоғары
қысымдар», «аса жоғары температуралар» келді. Осындай жағдайларда
дерексіздендірудің маңызы артады. Бүгінгі заман ғылымында бірінші,
екінші, үшінші деңгейлердің дерексіздендірілуі жайында айтылып
жүр. Сондықтан бұл мәселені тереңірек қарастырып көрейік, ол үшін
Достарыңызбен бөлісу: