ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет332/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   382
Байланысты:
Философия

бірбағыттылық
деп ата-
лады. Алайда XX ғасырдың ғылыми жетістіктері ондай көзқарасты 
теріске шығарады. Қазіргі заманғы ғылымда, керісінше, әлемнің 
ғылыми бейнесін қалыптастыруда бірте-бірте 
бағыт-бағдарсыз тәсіл
қалыптасады. Бұл жерде табиғат заңдары бір немесе басқа құбылыстың 
іске асуының 
мүмкіндігі
мен 
ықтималдығын
көрсетеді. Бұл үлгіде 
кездейсоқтыққа
үлкен маңыз беріледі, өйткені бейберекеттіктің 
ішінде заттар мен денелер
өз-өздерін қалыптастырады
, яғни 
соңғының қиратушылық емес, жасампаздық сипатын дәлелдейді. 
Құрылысы күрделі жүйелерді зерттейтін ғалымдар (математикада – 
А.Пуанкаре, А.Андронов және басқалары, физикада – И.Пригожин, 
Г.Хакен) өз нысандарының дерексіз-теориялық үлгісін жасайды. Бүгінгі 
күні әлемнің бағдарсыз ғылыми бейнесінің 
санаттық жиынтығы
құрылды деп нақты сеніммен айтуға болады. 
Бағдарсыз дамудың негізгі санаттары төмендегідей:
а) 
синергетика
– тең салмақты емес ашық жүйелердегі өз-өзін 
ұйымдастырушылық үдерістерін зерттейтін ғылым;


374
ә) 
бифуркация
– құрылысы күрделі жүйелерде оның орнықты си-
патын жоғалтып, алдында ары қарай жетілудің жаңа мүмкіндіктерінің 
тұтас жиыны ашылатын сәт. Осы тұрғыда, еркіндік – бұл «танылмаған 
қажеттік» емес, тұлғаның алдында пайда болған көптеген 
мүмкіндіктердің «таңдауы»;
б) 
апат
– жүйенің дамуындағы біртіндіктің үзілуі және мүлдем 
жаңа қасиеттердің пайда болуы;
в) 
аттрактор
– жүйенің «тартымдылығына» орай әр кездері онда 
пайда болатын «бүліктерді» басып тастау орын алады;
г) 
флуктуация
– жүйе бифуркациясы нүктесінде әлдебір кездейсоқ 
факторлардың оны дамудың жаңа жолына ауыстыруға шешімді түрде 
ықпал ету мүмкіндігі. Мысалы, қоғамдық өмірде, ол бифуркация 
нүктесіне жеткен кезде, әлдебір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет