Саяси партиялар әлеуметтану тұрғысынан талдаудың объектісі ретінде. Саяси партиялар әлеуметтік ұйымдар мен қозғалыстар арасында ерекше орын мен рөлге ие болады. Демократиялық мемлекеттерде барлық саяси институттар дербес және табысты түрде қызмет атқарады: мемлекеттік және билік құрылымдарының қалыптасуына әсерін тигізеді, саяси мақсаттарды реттейді, қоғамның саяси дамуын бағыттайды. Авторитарлық және тоталитарлық қоғамда түрлі бірлестіктер мен ұйымдар қатарына кіретін адамдардың мүдделерін алға тарту және білдіру үшін құрылады. Саяси партиялар, бұқаралық қоғамдық бірлестіктер қатаң түрде басқарушы элитаға бағынып, олардың табиғи қызметі өзгеріске ұшырайды. Партия сөзі латынша pars, partіs - бөлік, топ деген сөзден шыққан. Партия әлеуметтік қауымдастықтың мүдделерін қорғаушы ең белсенді деген бөлігін білдіреді.
Партия саясаттанудың да, әлеуметтанудың да зерттеу объектісі болып табылады. Саяси әлеуметтану саяси қатынастарды нақтылы жеке адам, топ, қауымдастық, саяси институттармен саяси мақсаттары бойынша әрекеттесу ұстанымын зерттеп-білуді мақсат етеді. Бірақ ол әлеуметтік деңгейде жасалынады. Бұл жағдай қарастырылып отырған объектілердің саяси ангажирленуін емес, саяси әрекетінің әлеуметтік жанамалылығын меңзейді.
Бұл жағдайда партиялар немесе саясаттың бағыты ұйымның және жеке өзінің мақсаттарын іске асыруда ерекше жауапкершілікке ие болған немесе ие болмаған нақты әлеуметтік жеке адамдардың әрекетінің теңесуі ретінде қабылданады.
Әлеуметтанудағы көзқарасқа сәйкес партияларды зерттеуде бірінші кезекте қарастырылатындар:
партияның ішкі құрылымы;
партиялық жетекшілік;
партиялардың өзара байланыстары мен қатынастары;
саяси партиялардың қоғамдық институттармен қатынасы;
партияның қоғамдық пікірде танымалдылығы;
партиялар сайлау жүйесінде;
партиялық жүйелердің өлшемдері;
партияның әлеуметтік базасы және басқалар.
Жалпы, әлеуметтану көзқарасының басты өкілі – М.Дюверже. Ол партияларды екі жақты жіктеуді ұсынды және жіктеуді жүргізу үшін басты өлшем партиялардың саны болып есептелінді. Ғалым партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөлді.
Кадрлық партиялар “төменнен” және парламенттік топтарда “жоғарыдан” сайлау комитеттерінің даму нәтижесі ретінде қабылданады. Бұқаралық партиялар жалпылама сайлау құқығының өнімі болып табылады.
Кермонн мұндай партияларға мынадай анықтама берді: “партия мүшелерінің сайлаушыларға қатысты, тиісінше белсенділердің партия мүшелеріне қатысты шамасы қаншалықты көп болса, соншалықты ұйым бұқаралық партия типіне жақындай түседі. Және керісінше, бұл шамасы қаншалықты аз болса, ол соншалықты кадрлық партия типіне жақын”.
Жіктелімнің екі деңгейі бар: бірінші деңгей партияларды жіктейді, ал екінші деңгей партиялар жүйесін жіктейді.
Қандай да бір өлшемге байланысты партиялар былайша жіктелінеді:
экономикалық немесе өндірістік қатынастарға байланысты: буржуазиялық, ұсақ буржуазиялық, пролетарлық, жартылай пролетарлық.
идеологияға байланысты: оңшыл радикалды, консервативтік, буржуазиялық-либералдық, буржуазиялық-реформистік, социал-демократиялық, солшыл социалистік, коммунистік.
ұйымдық құрылу, ішкі құрылым ұстанымынан: әскериленген, автократиялық, демократиялық, орталықтандырылған және орталықсыздандырылған.
аумақтық белгісі бойынша: жалпы ұлттық, өңірлік.
саяси құрылымдағы орны, рөлі және орындайтын қызметі бойынша: билеуші және оппозициялық.
Партияларды жіктеуде басқа да өлшемдер бар.
Партиялық жүйелерді жіктеу де айтарлықтай көп. Бірінші кезекте партиялық жүйеге анықтама берейік. “Партиялық жүйе дегенде тәуелсіз элементтерден (партиялар) олардың өлшемімен (сайлаушылар санымен, ішкі құрылымының типінен) және коалициялық мүмкіндіктерімен анықталатын саяси кеңістік пішіні түсіндіріледі” [8, 230-б.].
Тарихи тұрғыда бірпартиялық, қоспартиялық (бипартизм), “екі жарым партиялар”, билеуші партиялық және көппартиялылық жүйелер қалыптасқан.
Италиялық саясаттанушы Дж.Сартори жасаған партияларды жіктеу ерекше толықтығымен ерекшеленеді. Ол партиялық жүйелердің 7 типін бөліп қарастырады: бір партиялық билеп-төстеушісі бар жүйе, басым салмағы бар партиялық жүйе, қоспартиялық жүйе, шектелген плюрализм жүйесі, бөлшектенген жүйе.
Билік категорияларына детерминанттарынан келіп шығатын партиялық жүйенің саяси күшті үш деңгей ұстанымын қарастыруға болады:
Бірінші - биліктің тікелей іске асуы. Бұл деңгейде саяси партиялар өздерінің бағдарламалық ұстанымдарына сәйкес билік органдарын қалыптастырады, саясаттың басым бағытын ұсынады. Тікелей басқару жүйесі айқын түрде батыс елдерінде қолданылады.
Екінші деңгей - ол саяси партиялардың биліктің іске асырылуына қатысуы. Бұл жағдайда партия билікке өзінің заң қабылдаушылық (мысал ретінде) өкілеттілігін пайдалана отырып ықпал жасау мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, сол Парламенттің құрамында болғандықтан, биліктің қатысушысы болып табылады. Бұл оған өзінің бағдарламалық ұстанымдарын итермелеуге мүмкіндік береді.
Үшінші деңгей - ол билікке әсер ету. Бұл жерде партия билік механизмдерінен шығарылып тасталған. Ол тікелей түрде емес, жанама түрде әсер етеді. Билікке қысым жасаудың негізгі екі жолы қолданылуы мүмкін. Ол арадағы делдалдар арқылы лобби құру, яғни партияның сөзін жақтаушы билік өкілдері мен идеяларды, тұжырымдамаларды қоғамдық деңгейде