Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық униврситеті әлеуметтік-гуманитарлық факультеті


тақырып Әлеуметтік инстититуттың дифференциациясы



бет13/30
Дата15.03.2023
өлшемі134,33 Kb.
#74467
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Байланысты:
Дәріс институт

7 тақырып Әлеуметтік инстититуттың дифференциациясы
Дәріс мақсаты: әлеуметтік институттардың негізгі типтерін көрсету
Басты түсініктер: әлеуметтік институт иерархиясы
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтік институттың негізгі типтері.
2. Әлеуметтік институттардың иерархиясы.
Дәріс мазмұны:
8 тақырып Әлеуметтік институттың құрылымы
Дәріс мақсаты: әлеуметтік институттың ішкі құрылым анықтау
Басты түсініктер: әлеуметтік процестер
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтік институттың ішкі құрылымы.
2. Әлеуметтік процестер мен олармен басқару әдістер.
Дәріс мазмұны:
Қоғамдағы институттандыру процестері саяси әлеуметтану үшін шешуші мәнге ие. Мысалы, әлеуметтік институт оның қорлары және қоғамдағы рөлі мен орны үшін күресте билеп-төстеу және өз қауымдастығының мүшелерін бағындыру нысаны ретінде алға шығады. Әлеуметтік институт қоғамды жұмылдыруға арналған. Онда билік қызметтері ұйымдасқан құрылымда шоғырланады, ал қауымдастықтағы билік олардың мүшелері арасында шашыраңқы күй кешеді.
Әлеуметтік институт ұғымы әлеуметтану теориясында негізгі мәнге ие. Тәжірибеде әлеуметтік институттың қалыптасуы кезекті қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған жеке адамдардың, жеке адам топтарының арасындағы қатынастарды бекітуді білдіреді. Әлеуметтік институттар әлеуметтік байланыстардың ең бір күрделісі болып табылады және әлеуметтік топтар мен ұйымдардың принциптік айырмашылығы бар.
Жалпы әлеуметтік институттардың екі деңгейін бөліп көрсеткен жөн:
Бірінші. Әлеуметтік институттар сөздің кең мағынасында алғанда бүкіл қоғамның институттары. Бұл жағдайда біз жалпы әлеуметтанудың институттар жүйесіне немесе жалпы қоғамға барынша жақындаймыз.
Екінші. Бұл деңгейге саяси институттарды (басқаруға, ықпал жасауға, әсер етуге, бағындыруға, қоғамдық процестер үстінен бақылауға бағыт алғандар) көрсетуге болады.
“Екінші қабат” үшін саяси институттардан басқа сөздің тар мағынасында әлеуметтік институттарды атап көрсетуге болады, яғни билік, бағыныштылық және басқару мәселелерімен байланысты емес қоғамдағы қандай да бір қатынастарды қайта өркендетуге бағыт алғандарды бөліп көрсеткен жөн.
Маңыздылар қатарына ішкі құрылым мен институттардың тұрақтылығын және оған тән сәттерін сақтап қалуға жол ашатын факторлар енеді, бұл олар жөнінде басқа институттармен сіңіс-пейтін, қандай да бір әлеуметтік құрастырма ретінде айтуға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда әлеуметтік институттардың шекараларын, олардың қоғамның тұтас жүйесі шеңберінде басқа институттарға қатысты орналасуын анықтап алу өзекті болып табылады. Әлеуметтік институттардың тігінен және көлденең түріндегі байланыстары, олардың иерархиясы, институттар жүйесі маңызды болып көрінеді. Онымен қоса әлеуметтік институттардың іс-әрекеті мен ықпал етуі, институтаралық байланыстардың, институттар атомының өзіне тән ерекшелігі жайлы мәселелер аса маңызды.
Саяси процестер белгілі бір саяси институттардың іс-әрекеті арқылы іске асырылады. Олар көп жағдайда олардың көмегімен қандай да бір саяси күштер өздерінің саяси мүдделерін іске асыратын, белгілі бір мекеме немесе мекемелер жүйесі ретінде көрінеді. Қоғамның саяси құрылымының қызмет етуінің осы бір тетіктері оның тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етуге көзделген.
Қоғамның ең маңызды саяси институттары қатарына құқық және идеологияны жатқызуға болады. Олар мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы билік органдарының - парламент, үкімет, жергілікті басқару органдарының, сонымен қатар саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының, ең алдымен радио және телевидениенің іс-әрекеттерінде өздерін көрсете алады. Осы саяси институттардың әрқайсысы өмір сүретін саяси жүйенің қандай да бір буынының әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған өздерінің өзіндік ерекшелігі бар мақсатты қызметтеріне ие.
Қоғамда өмір сүретін саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, ал олар болса сол институттармен аяқталып қалмайды. Саяси қызметтер тек “таза саяси” мекемелер мен ұйымдар тарапынан ғана атқарылып қоймай, сонымен қатар көптеген қоғамдық ұйымдар, оның ішінде кәсіподақтар, жастар ұйымы, ардагерлер одағы және сол сияқтылармен қоса, жазушыларды, суретшілерді, композиторларды, кинематографистерді, журналистерді, т.б. біріктеретін шығармашылық ұйымдар тарапынан да атқарылады. Бұл ұйымдардың әрқайсысы қоғамның белгілі бір әлеуметтік топтарының мүдделерін және олардың саяси құқықтары мен еркіндіктерін көрсетеді және қорғайды. Осының арқасында олар қоғамда өмір сүруші саяси жүйенің қандай да бір түйінін құрайды.
Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтеріне:

  1. мемлекет органдары, оның заң қабылдау және атқарушы биліктері;

  1. әскер;

  1. құқық қорғау органдары, ең алдымен сот, прокуратура, полиция;

  1. мемлекеттік төрелік;

  1. саяси қозғалыстар; саяси партиялар;

  1. қоғамдық ұйымдар (кәсіподақ, жастар, шығармашылық т.б.) жатады. Олардың іс-әрекеті қандай да бір әлеуметтік топтардың саяси мүдделерін іске асырумен байланысты белгілі бір деңгейде саяси сипат алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет