Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық униврситеті әлеуметтік-гуманитарлық факультеті


тақырып Қазақстан нарық жағдайындағы жаңа әлеуметтік институттар



бет15/30
Дата15.03.2023
өлшемі134,33 Kb.
#74467
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
Дәріс институт

9 тақырып Қазақстан нарық жағдайындағы жаңа әлеуметтік институттар
Дәріс мақсаты: Қазақстан нарық жағдайындағы жаңа әлеуметтік институттардың түрлерін көрсету
Басты түсініктер: азаматтық қоғам, нарық
Дәріс жоспары:
1. Азаматтық қоғам, бизнес жаңа әлеуметтік институттар ретінде.
2. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік институттарды социологиялық зерттеу.
Дәріс мазмұны:
Еуропалық ғылымда мемлекет пен қоғамды айыру идеясына алғаш келгендердің бірі Дж.Локк еді. Оның ойлары принциптік маңызды жағдайдан жеке адамның ажырамас қасиеті ретіндегі жеке меншікке негізделді. Меншік еңбекпен жасалды және мемлекеттің пайда болуына дейін қалыптасты, ол мемлекеттің осы меншікті қорғау мақсатына ие екенін аңғарамыз.
Ш.Монтескье Локктен кейін қоғам мен мемлекетті бөліп тастады. Ол үшін азаматтық қоғам - тарихи дамудың нәтижесі, адамзат тарихының табиғи жағдайдан, отбасынан және қаһармандық кезеңнен кейінгі төртінші сатысы.
Азаматтық қоғам және мемлекет мәселелерінің қазіргі заманғы оқытылуына тікелей әсер еткен идеялар Г.Гегель тарапынан ұсынылған еді. Гегель бойынша, азаматтық қоғам - олардың әрекеттесуі құқықпен реттелетін жеке тұлғалар, таптар, түрлі топтар мен институттар мүдделерінің күрделі сәйкестенуін білдіретін азаматтардың жеке өмір сүру саласы. Азаматтық қоғам мемлекет дамуының кезеңі болғанымен, оған тікелей тәуелді емес. Азаматтық қоғамның іргетасын жеке меншік, мүдделердің ортақтығы және азаматтардың формальды (яғни заңмен қарастырылған) теңдігі қалайды. Мемлекет пен азаматтық қоғамның диалектикалық бірлігінің негізі - қоғамның жоғары деңгейде жіктелген әлеуметтік құрылымы.
Азаматтық қоғамды мемлекет анықтамайды, керісінше мемлекетті азаматтық қоғам анықтайды. Және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қатынас көпшілік алдындағы билік пен жеке-дара бостандық арасындағы қатынас тәрізді.
Қазіргі заманғы отандық ғалымдардың азаматтық қоғамға деген көзқарастары негізгі екі ұстанымға келіп тіреледі.
Олардың бірінің айтуынша, бұл қоғам, еркін нарық және демократия жолында құрылуға міндетті. Олардың түсіндіруінше, бұл - түрлі жеке мүдделер мен адамдар талабын білдіретін және олардың іске асырылуына жағдай жасайтын жеке және мемлекеттен тәуелсіз қоғамдық институттардың, ұйымдар мен бірлестіктердің жүйесі.
Екінші позицияға сәйкес “азаматтық қоғам” санаты дегенде ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы өндірістік қатынастар мен саяси төңкерістер пайда болған қазіргі заманғы қоғамдардың түрлері айтылады. Бұл жерде азаматтық қоғам адамдардың қазіргі заманғы өнеркәсіп өркениеттері шеңберінде араласу нысаны ретінде немесе жеке, мемлекетке тәуелді емес күнкөріс көздеріне ие әлеуметтік таптар мен топтардан пайда болған қоғам жағдайы ретінде түсіндіріледі.
Азаматтық қоғамда еркіндік пен бостандыққа баса назар аудару батыстық саяси ғылымдағы либералды-демократиялық дәстүрге тән. Либералдық демократия көзқарасы тұрғысынан азаматтық қоғамның мәні жеке адам мен мемлекет арасындағы бірқатар қорғаушы құрылымдардың жасалуында болды. Сөйтіп, сырттан кедергі жасаудан бостандық қамтамасыз етіледі, яғни бостандық “не үшін” емес “неден” деген мағынада (жағымсыз либералдық көзқарас), ол қалайша және ненің арқасында іске асырылуы мүмкін екені көрсетілмейді.
Азаматтық қоғам дегенде жалпы мемлекетке тәуелді емес және онымен қатарласа өмір сүретін түрлі әлеуметтік топтардан, қозғалыстардан, бірлестіктерден, мәдени, ұлттық, аумақтық және басқа қауымдастықтардан құралған жеке тұлғаның көп бейнедегі мүдделерін білдіру нысаны ретінде қызмет атқарушы қоғамның ерекше саласы түсіндіріледі.
Азаматтық қоғамды адамдар бір-біріне және мемлекетке тәуелді емес ретіндегі жеке адамдардың әрекеттесуінің өзіндік бір әлеуметтік кеңістігі түрінде көзге елестетуге болады.
Саяси әлеуметтану азаматтық қоғамның құрылымына назар аудара отырып, оның екі жақты табиғатын ашады: идеалды және нақтылы, материалды және рухани т.б. дамудың полярлық бағыттарының болуы.
Азаматтық қоғамның құндылығы мен маңыздылығы оның қызметтерінен көрінеді:
Интегративті қызмет. Азаматтық қоғам адамдарды топтар мен қауымдастықтарға еркіндік және еріктілік принципі бойынша біріктіреді. Бұл қызмет түрлі күштердің күресуінің деструктивті мүмкіндігін тоқтатуға, оларды дұрыс жолға бағыттауға шамасы жететін нормалар мен шекараларды анықтайды.
Инструменталдық қызмет (ұжымдық түрде мақсатқа қол жеткізу).
Дистрибутивтік қызмет (марапаттарды, рөлдерді бөліп беру).
Ұдайы өсіру қызметі (әлеуметтік өмірдің ұдайы өркендеуін қамтамасыз ету).
Реттеуші қызметі (реттеу, адамдар іс-қимылын нормалар мен шектеулер жүйесі арқылы бақылау). Қоғамның өзі мемлекеттен тәуелсіз және оның көмегімен жеке жеке адамды жалпы қалыптасқан нормаларды сақтауға мәжбүрлей алатын құралдары мен шектеулері бар.
Коммуникативтік қызмет (қарама-қайшы және түрлі бағыттағы мүдделердің және ұмтылыстардың, жеке адамдардың, топтардың, қауымдастықтардың, қозғалыстардың т.б. арасында өзара түсінісуге, пәтуаға қол жеткізу).
Халықтың саяси мәдениетінің дамуы нәтижесінде азаматтық қоғамның саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары, бұқаралық әлеуметтік қозғалыстар, қауымдастықтар және басқалар сияқты институттары мемлекеттік құрылымдар секілді үйреншікті құбылысқа айналуда.
Әлеуметтік қозғалыстар мен ұйымдар мемлекетке қарағанда билік өкілдігіне ие емес. Саяси партиялар сияқты, олар алдына мемлекеттік билікті қолына алуды мақсат тұтпайды, яғни әуел бастан саяси болып саналмайды, бірақ кейде саясаттануы мүмкін. Алайда олар билік басында кімнің тұрғанына, мемлекет кімнің мүддесіне орай әрекет етуде деген мәселелерге немқұрайдылықпен қарамайды. Бұл жағдайда да олардың саяси белсенділігі көбірек іс-әрекеттің негізгі мақсатына қарағанда жанама нәтиже болады.
Қоғамдық ұйымдар - ол қоғамның плюралистік табиғатын, онда өзіндік мүдделері бар көптеген әлеуметтік топтардың бар екендігін білдіру. Соңғысы қоғамдық ұйымдардың көптеген түрлерін тудырады: қоғамдық ұйымдар бұл сөздің дәлме-дәл мағынасында кәсіподақтар, қолөнершілер одағы, интеллегенцияның шығармашылық одақтары, ғылыми қоғамдар, рухани клубтар, мәдени-ағартушылық қоғамдар, көркемөнерпаздар ансамбльдері, театрлар және басқалар.
Қоғамдық ұйымдар бірқатар белгілерге: әлеуметтік-экономикалық қана емес, сонымен қоса рухани қызығушылықтарды да, оның ішінде қатынасқа түсу, ұзақ мерзімді міндеттерді шешуді көздеу, белгілі бір әрекеттерге үздіксіз бағыт ұстануға, айқын құрылымға, қажеттіліктерін қанағаттандыру бағытына ие болады.
Қоғам өміріндегі әлеуметтік қозғалыстар мен ұйымдардың рөлі айқын түрде олардың көптеген қызметтерінде көрініс береді. Олардың қатарында: әлеуметтік топтардың, қоғамның топтары мүдделерінің көрініс беруі (артикуляция). Әдетте, адамдардың қызығушылықтары тұлғалық, эмоционалдық және екі ұшы бар нысанда алға шығады (мысалға, “біз өзгерістерді қалаймыз) және мемлекеттің шешіміне айтарлықтай әсер ете алмайды. Қоғамдық ұйымдар оларды айқын талаптар ретінде қайта өркендетіп, өз атынан ұсынады.
Негізгі қызмет көптеген жеке мүдделерді келістіру, олардың арасынан қалыпты, ерекше мәні барларын, бірінші кезектегілерін табу болып табылады. Осындай негізде мемлекетпен, саяси партиялармен байланыс орнатады, оларға қоғамның өзекті мәселелері, нақтылы топтардың өзіндік ерекшелігі бар қызығушылықтары жайлы ақпараттар жеткізеді. Олардың қызметіне халықтың мүддесіне сәйкес саяси шешімдерді қабылдау үшін мемлекеттік билікке қысым жасау да жатқызылады. Әлеуметтік қозғалыстар мен ұйымдар мемлекеттік аппараттың әрекетіне “төменнен” бақылау жасайды, туындаған мәселелерге қатысты баламалы шешімдер ұсына отырып, оны қолдайды немесе оған қарсы шығады, сөйтіп оны жаңа идеялармен байытып отырады.
Ең соңында, олар халықтың көп бөлігінің басқару процесіне қатыстырылуын тікелей өз қызметі деп санайды және саяси мәдениеттің, демократияның дамуына, азаматтық қоғамның қалып-тасуына өз ықпалын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет