Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық униврситеті әлеуметтік-гуманитарлық факультеті


тақырып.Мемлекеттік саясат және әлеуметтік институттардың дамуы



бет30/30
Дата15.03.2023
өлшемі134,33 Kb.
#74467
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Дәріс институт

15 тақырып.Мемлекеттік саясат және әлеуметтік институттардың дамуы.


Дәріс мақсаты: Мемлекеттік саясат пен әлеуметтік институттардың дамуын қарастыру
Басты түсініктер: Мемлекет. Саясат.Даму үдерісі.
Дәріс жоспары:

  1. Мемлекет әлеуметтік институттың саяси үлгісі ретінде.

  2. Қазіргі әлеуметтік институттардың дамуына ықпал жасайтын мемлекеттік саясат.

Дәріс мазмұны:
Мемлекеттің өзіндік ерекшелігі бар және айқын көрінген саяси кеңістігінің болуы оның өмір сүруінің міндетті алғышарты мен талабы болып саналады. Оның географиялық шектері: билік тарайтын аумақ пен адами шектері мемлекет халқы болады. Қандық-туыстық байланыстарға негізделген рулық-тайпалық ұйымдарға қарағанда мемлекет аумақтық принцип бойынша құрылады. Бұл жерде әлеуметтік-саяси маңызға ие болатын нәрсе мемлекеттің аумақтық шекараларының этникалық принциптермен сәйкес келуі. Олардың сәйкес келмеуі белгілі бір жағдайларда жанжалдардың бастау алар көзі болуы мүмкін.
Мемлекеттің мәні және оған жүктелген міндеті олардың қызметтерінде көрініс береді. Ол қызметтерге мыналар жатады:
- қоғамды қандай да бір әлеуметтік-топтық күштердің билеп-төстеуін қамтамасыз ету;
- елді сыртқы басқыншылардан қорғау;
- елдің экономикасының дамуына қандай да бір түрінде әсер ету;
- рухани мәдениет пен идеологияның дамуы;
- сыртқы байланыс (дипломатиялық, сауда т.б.).
Олармен қоса ұлтты қалыптастыру және ұлттық қатынастарды реттеу сияқты қызметтер айтылады. Өйткені мемлекет ұлттық ықпалдасудың маңызды құралы және халықты әлеуметтік қорғау мен қоғам өмірінің әлеуметтік саласының көптеген мәселелерін шешуге байланысты мемлекеттің әлеуметтік қызметі ретінде алға шығады [21].
Мемлекеттің өзіне тән ерекшелігін М.Вебер заңды күш көрсетуге құрал ретінде арқа сүйей отырып, адамдардың адамдарды билеп-төстеуші қатынастары деп атап, оның күш көрсетуге, тәни мәжбүрлеуге монополиясын білдіреді деді.
Мемлекеттік мәжбүрлеудің көлемі айтарлықтай кең: шектеу немесе бас бостандығынан айырудан бастап тәни жойып жіберуге дейін (өлім жазасы). Заңды мәжбүрлеу қызметін орындау үшін мемлекеттің арнайы құралдары бар: қарулар және биліктің басқа ресурстары мен органдары - полиция, қауіпсіздік қызметі, сот, прокуратура, қайта түзеу мекемелері (түрмелер, колониялар, лагерьлер), әскер.
Кез келген мемлекеттің мәні оның белгілерінен, қызметтерінен және принциптерінен көрінеді. Жеке адамның және қоғамдық тәртіптің құқығы мен еркіндігін қорғау арқылы өз билігін шектеу конституциялық немесе құқықтық басты принцип болып саналады. Құқықтың қайнар көзі ретінде мемлекет емес, ажырамас құқықтары кешенімен жеке адам қарастырылады, олар өз кезегінде басқалардың еркіндіктері мен құқықтары арқылы шектеледі.
Құқықтық мемлекетте жеке тұлға және халықтар бір мезетте биліктің субъектілері мен объектілері ретінде алға шығады.
Таңдап алу және биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот болып тармақталу құқығы қызмет етуде.
Құқықтық мемлекет идеясының мәні “қызып кетуден” құтылуда және адамдардың мінез-құлқын майда күйдегі реттелуден арылта отырып, тиімділікті жоғарылатуда болып отыр.
Құқықтық мемлекет материалдық, еркіндік, әлеуметтік әділеттік және теңдік мәселелерін шешеді және осылар әлеуметтік мемлекет тәжірибесі мен теориясының пайда болуының себебі болды.
Баршаға мәлім мәнінде құқықтық мемлекеттің жалғасы мен қосымшасы бола отырып, әлеуметтік мемлекеттің рөлі тіпті басқа ыңғайда іске асырылады. Егер мемлекеттік қысқарту, төмендету идеясы либералдық болып табылса, әлеуметтік мемлекет оның әрбір адамға айтарлықтай өмір сүру жағдайын, әлеуметтік қорғалуын т.б. қамтамасыз етуге тырысуымен консервативтік, социалистік немесе социал-демократиялық тұжырымдамаға жақындау болады. Әлеуметтік мемлекет ұлттық табысты аз қамтылған топтар өкілдерінің пайдасына таратып беруге көп көңіл бөледі, жұмыспен қамту және жұмысшының мекемеде құқығын қорғау саясатын жүргізеді және т.б.
Екеуінің арасындағы қарама-қайшылық мынада: құқықтық мемлекет әуел баста ойластырылуы бойынша қоғамдық байлықты бөліп берумен және азаматтардың әл-ауқатын жақсартумен айналыспауы қажет7Дағдарыстан шығу жолы ретінде мемлекет қызметін жеңілдету және өркениетті өмір сүрудің ең аз деңгейіне кепілдік беру алға тартылуда.
Бөліп беру және қайта тарату саласындағы мемлекеттің шектен тыс белсендігі бюрократиялық аппараттың күшеюіне, азаматтар бойында арқа сүйеушілік, сенушілік көңіл-күйдің қалыптасуына және осы институтқа ақталмаған үміт артуына алып келеді. Сондықтан ең басты бағыт мемлекеттік бюрократиялық мекемелерді ауыстыру үшін азаматтық қоғам институттарын белсенді түрде тарту болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет