10 тақырып Мәдениет пен дін әлеуметтік институт ретінде
Дәріс мақсаты: мәдениеттің, діннің әлеуметтік функцияларын анықтау
Басты түсініктер: мәдениет, дін
Дәріс жоспары:
1. Мәдениеттің әлеуметтік функциялары.
2. Діннің функциялары, мәртебе мен рольдері қазіргі кездегі әлеуметтік институт ретінде.
Дәріс мазмұны:
“Мәдениет” термині латын сөзінен шыққан, алғашында мәдениет деп табиғи себептерден туындаған өзгерістерге қарағанда, адамның әсер етуімен болатын табиғи объектідегі барлық өзгерістер түсіндірілді. Кейінірек “мәдениет” сөзі жинақталып, қорытылды, сөйтіп онымен адам қолымен жасалғанның барлығы атала бастады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, мәдениет алғашқыда жаратылыста табиғаттың үстіне адам қолымен жасалған “екінші табиғат” ретінде көрінеді. Мәдениет материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін қамтиды. Бұл - мәдениетке жалпы философиялық көзқарас.
Әлеуметтануда мәдениет сөзі кең мағынада өзіндік ерекшелігі бар, генетикалық жолмен берілмейтін, адамның өмір сүру ортасы мен өзара әрекеттесуінің құралдары, амалдары, нысандары, үлгілері мен бағдарламалардың жиынтығы деп түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет әлеуметтануда адамның нақтылы бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар, сенімдер, мінез-құлық үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі [8].
Әлеуметтануда мәдениет әр түрлі әлеуметтік жағдайларға тап болған адамдардың өзара түсіністіктерін қамтамасыз ететін, заттарды тарату мен сақтауға, меңгеруге, жасауға бағытталған әлеуметтік қатынастарда көрінетін және әлеуметтік табиғатқа ие болуға қиын серпінді білім ретінде қарастырылады.
Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің объектілері деп қазіргі қоғамда өмір сүретін меңгеру нысандары мен әдістерінің нақтылы бөлінуі, мәдениет объектілерін жасау мен жеткізу, мәдени өмірдегі тұрақты және өзгермелі процестер, әлеуметтік факторлар мен механизмдердің байланыстырушылары айтылады. Бұл тұрғыда әлеуметтану кең таралған, тұрақты және әлеуметтік қауымдастықтың, топтың, табиғи және әлеуметтік қоршауларымен жалпы қоғам мүшелері қатынастарының уақыт бойынша қайталанып отыратын көп түрлі нысандарын, қауымдастық мәдениетінің даму деңгейін анықтайтын мәдениеттің даму серпінін зерттейді.
Мәдениет әлеуметтануы көптеген қызметтер атқарады, олардың негізгілері: ғылыми-танымдық, білім беру және тәжірибелік қызметтер. Ғылыми-танымдық қызметі арқасында мәдениет әлеуметтануы мәдени процестердің өзгерісіне немесе қолдауына, нәтижесіне әсер ететін әлеуметтік факторлар мен механизмдер, қазіргі жағдайдағы мәдени серпін заңдылықтарының өзіне тән ерекшелігі туралы шынайы білімді қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |