Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық униврситеті әлеуметтік-гуманитарлық факультеті


тақырып. Экономикалық институттардың қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі



бет25/30
Дата15.03.2023
өлшемі134,33 Kb.
#74467
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Дәріс институт

13 тақырып. Экономикалық институттардың қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі.
Дәріс мақсаты: Экономиканы әлеуметтік институт ретінде қарастыру
Басты түсініктер: Экономика,эволюция,әлеуметтік-экономикалық даму,дағдарыс.
Дәріс жоспары:

  1. Экономикалық институт туралы ұғым.

  2. Экономикалық институттардың формаоары және қоғамдағы рөлі.

  1. Қоғам және экономикалық институттар.

Дәріс мазмұны:

Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды.



  1. Өндіріс – материалдық игіліктерді пайдалы өнімді өндіру процесі.

  2. Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімділігі үлесін анықтау.

  3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.

  4. Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану.

Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.
Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін.
Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет