Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық униврситеті әлеуметтік-гуманитарлық факультеті


тақырып Отбасы әлеуметтік институт ретінде



бет23/30
Дата15.03.2023
өлшемі134,33 Kb.
#74467
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
Дәріс институт

11 тақырып Отбасы әлеуметтік институт ретінде
денсаулық сақтау әлеуметтік институт ретінде
Дәріс мақсаты: отбасының, денсаулық сақтауды әлеуметтік институт ретінде қарастыру
Басты түсініктер: отбасы генезисі, денсаулық сақтау
Дәріс жоспары:
1. Отбасы генезисі.
2. Отбасының құрылымы
3. Отбасының қызметтері
Дәріс мазмұны:
Отбасы қоғамның бастапқы қарапайым бөлігі. Қоғамдық қатынастар жиынтығын “ансамбль” ретіндегі адамның әлеуметтік мәніне – қоғамдық қатынастардың алғашқы формасы отбасылық қатынас тән. “Адамгершіліктің маңыздылығы тек қарым-қатынас жасағанда ғана, адам мен адамның бірлігінде, “Мен” және “Сен” арасындағы айқын айырмашылыққа сүйенгенде ғана көрінеді, - деген. Көрнекті философ Л.Фейербахтың адам туралы пайымдауының дұрыстығын мойындаған жөн /1/. Оның айтуынша, субъект “Мен” тек басқа адаммен қарым-қатынас жасағанда ғана адам бола бастайды. “Мен” өзін “Сеннің”, яғни басқа адамның қарама-қарсылығынан кейін ғана адаммын деп сезіне алады. Осыдан келіп, адамның басқа адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы шығады. Адам баласының жалғыздықта өмір сүруі мүмкін емес. Адамның бірлесіп өмір сүруі әлеуметтік норма. Отбасының әлеуметтік табиғаты отбасы дамуында қоғамның бүкіл тарихы, оның санқилы, күрделі және қайшылықты өмірі көрініс табумен байланысты. Отбасы қоғамның қарапайым бастапқы бөлігі. Басқа да әлеуметік институттар сияқты отбасы да қоғамның өміріне араласа алады. Сондықтан да барлық әлеуметтік-экономикалық қатынастардың бірлігінің барлық адамзат мәдениетінің ықпалымен дамиды. Соған қарағанда отбасы қоғамнан бөлек дамып өмір сүре алмайды.
Некелік-отбасылық қатынастардың дамуын анықтайтын ақырғы фактор - өндіріс тәсілдері. Қоғамдық құбылыстың өзгешелігін негіздеуде, ол отбасы құрылысының, отбасы тіршілігінің келбетін, әлеуметтік мәнін, ұйымдастыру қалпын анықтайды /1; 28/. Отбасы қоғаммен бірге ілесе дамиды.
Қазіргі кездегі осы заманғы монополиялық (бір некелік) отбасы түрі қоғамның экономикалық, әлеуметтік-мәдени және өнегелі дамуының нәтижесінде пайда болды. Әлеуметтік өмірдің осы бір маңызды бөлігінде қоғамның ілгері дамуының өзгешелігі туралы талдауға болады және керісінше қоғамның ілгері дамуының күйі бойынша отбасының әлеуметтік өнегелі жетілу деңгейі жайлы, отбасы ішіндегі қатынастардың өзгешелігі туралы түсінік қалыптастыруға болады. Отбасы қоғам дамуын іске асыруда ең алдымен ол ұрпақ жалғастығының әлеуметтік қызметін атқаруда үлкен рөл атқарады. Ұрпақты әлеуметтік өнегелі жаңарту және оны жалғастыру – қоғам дамуының алғышарты. Бұл қоғам дамуындағы отбасының рөлін арттырады. Әлеуметтік сабақтастықтың қызметін атқаруымен байланысты отбасының қызметінде экономикалық құрылысқа, қоғамның тұтас дамуына байланысты отбасының қатыстық дербестігінің ілгері дамуын анықтайды. Осыған қарағанда отбасының бүкіл тарихи түрі заңды ілгері дамуының тұтастығымен байланысты. Экономикалық себептердің ықпалымен байланысты отбасы сабақтастығының ілгері дамуы отбасының барлық түрлерінің тарихи байланысын, әлеуметтік институт ретіндегі отбасының ілгері дамуының ортақ бағытын қамтамасыз етеді. Отбасының дамуы өз бетінше салыстырмалы түрде сипатталғанына қарағанда, ол өзі қоғамның ілгері дамуына шындығында да кері әсерін тигізеді. Егер қоғамдық қатынастар отбасылық қарым-қатынастарды толықтырып және жалғастыратын болса, онда ол қоғам дамуына қолайлы әсер етеді. Бұған тарихи тәжірибелер де айғақ бола алады. Жапон және кейбір Батыс, Германия елдерінің айтарлықтай табысы бұл елдердегі қоғамдық қатынастар құрылымындағы отбасының ерекше рөлімен байланысты. Отбасы өндірістің дамуына, бірінші кезекте өндіргіш күштің және негізінен оның жеке элементі – жұмысшы күшінің дамуына жағдай жасайды немесе бұл дамуды тоқтата алады. Отбасының өзінің демографиялық және тәрбиелік қызметін іске асырудағы өзгешелігі жұмысшы тобына лайықты ізбасарлар дайындауына әсер етеді. Әсіресе, тұрмыс және тұтыну саласын ұйымдастыруда отбасының экономикалық мағынасы зор. Отбасында тек қанағат етіп қойылмайды, соныме бірге онда адамның материалдық қажеттілігі қалыптасады, белгілі бір тұрмыстық дәстүр қаланады, үй шаруасын жүргізуде өзара көмек көрсету болады. Отбасының белсенді рөлі тек қоғамдық тұрмыспен шектеліп қоймайды, сонымен бірге қоғам өмірінің басқа да саласымен жалғасып жатады. Адамдар қоғамдастығының алғашқы түрі сияқты отбасы өзіне жеке және ұжымдық бастауды тікелей жатқызады. Бұл мағынада ол тек әлеуметтік және биологиялық ғана емес, сонымен бірге адамдарды жеке және қоғамдық өмірін байланыстырушы тобы болып табылады, оларға әлеуметтік мақсаттың мінез-құлық белгісінің алғашқы қайнар бұлағы қызметін атқарады. Және де отбасы ерлі-зайыптылар махаббаты, баланың ата-анаға деген махаббаты және құрмет көрсетуі, отбасылық ынтымақтастық сияқты рухани байлықтарды беріп қана қоймай, қалыпастырады /2/. Ал әлеуметтік әртектес некелердің, дәлірек айтқанда олардың өсуі – ұлттар мен топтар арасындағы айырмашылықтың жойылуының аумақты көрсеткіші. Отбасы әлеуметтік теңсіздік элементтерін бекітуші керітартпа күштің рөлін атқарады алады. Жоғары оқу орнына түсетін балалардың тағдыры ата-аналарының әлеуметтік-таптық жағдайына және олардың білімділігінің, мамандығының деңгейіне тікелей байланысты. Жоғары оқу орнындағы студенттердің ең көп бөлігін мамандығы бар отбасының балалары құраса, ең аз бөлігін мамандық деңгейі төмен және мамандығы жоқ жұмысшы балалары құрайды. Ал егер ұлтаралық некеге келетін болсақ, онда олар тіршілік бейнесінің, тұрмыс және этникалық мәдениеттің жақындауына, отбасының жаңа әлеуметтік-психологиялық үлгісін қалыптастыруда айтарлықтай үлесін қосады. Ұлттық қатынастағы аралас некелер ұлттарды жақындату процесін толықтырып, байытып отыратынын айта кетудің маңызы зор. Дәл осындай ұлтаралық отбасында әр ұлт өкілдері сияқты ерлі-зайыптылар жеке адам, жеке тұлға аралық қарым-қатынас жасауының жаңа формасы қалыптасады. Отбасында биологиялық күйден әлеуметтік күйге ауысу процесі іске асады. Осыдан адамның жеке басының әлеуметтік құбылысы сияқты қалыптасу процесі бастау алады /1;29/. Тарихта отбасы некеден айтарлықтай кейін байқалады. Неке тек қатынас ретінде болған кезде, отбасы адамдардың әлеуметтік ұйымдасқан бірлестігін құраған. Отбасы әлеуметтік ұйым сияқты некеден тек оның құрамы ерлі-зайыптылар жұбынан басқа белгілі бір мөлшердегі адам кіргенде ғана емес, сонымен бірге ол тек күйеуі және әйелімен шектелгенде ғана ажыратылады. Бұл отбасын тек толысқан неке одағы ретінде қалыптастыруға болатындығын білдіреді және “неке” мен “отбасы” ұғымдарының арақатынасы туралы мәселені шешуде олардың арасындағы сандық қана емес, сапалық та өзгешелікті ескеру қажет. Батыс Германияның социологы Хельмут Шельскийдің “Отбасын әйел мен еркек арасындағы қарым-қатынас құрады”, - деп айтқаны өте орынды. Некелік-отбасылық қарым-қатынас жеке тұлғалық және қоғамдық құбылыс некенің анықталуы бұл зайыптыларды жақын және оларға қажетті адамдардың бірігуінен некеге қарағанда отбасы қарым-қатынастың өте күрделі жүйесі болып табылады. Отбасы ішіндегі қарым-қатынас дербес те (мысалы, ана мен балаға, аға мен қарындас арасындағы қатынас), сонымен бірге таптық та (мысалы, ата-аналар мен балалар немесе тұтас үлкен отбасындағы ерлі-зайыптылар жұбы мен әр әкенің балалары арасындағы қатынас) болуы мүмкін. Отбасындағы өмір барлық материалдық қамтамасыз етудің емес, жоқ дегенде тұрмыс және еңбекке жарамсыз туысқандарға бірлесіп қамқорлық жасау тұтастығымен байланысты. Сондықтан отбасы мүшелерінің арасында белгілі бір шаруашылық экономикалық қатынастар еріксіз қаланады. Олар үй шаруашылығын жүргізуге балаларды тәрбиелеумен байланысты, еңбек бөлінісі мен кооперациясында (еңбекті ұйымдастырудың ерекше түрі, бірлесе еңбек етуі) өзара экономикалық көмек көрсету мен қолдау жасау көрініс алады. Отбасы адамдардың әлеуметтік тұтастығының түрлері ретінде, оның барлық мүшелерінің рухани қызығушылығы мен ұмтылуының бірлігін ұйғарады. Дегенмен, некедегі сияқты отбасында да психологиялық қатынастар дау-жанжалдар мен қайшылықтар болуы мүмкін. Отбасының бірлігі шеңберіндегі отбасы ішіндегі қарама-қайшылықтың белгілі бір шегі бар, ал егер ол шектен шығып кетсе, бұл бірлік бұзылуы мүмкін. Отбасын бекітуші негізгі рухани күш – туыстық сезім болып табылады. Туыстық тек отбасы шеңберінде шектеліп қоймайды, бірақ оның бастауы отбасында болғандықтан және ол отбасы ішіндегі қарым-қатынастарда көрінеді /2;67/. Отбасы жеке тұлғаралық және топаралық қатынастардың салыстырмалы тұйық жүйесін және сонымен бірге кең көлемдегі әлеуметтік жүйенің элементтерін құрайды. Негізінде отбасы жүйе ретінде тұрақты (дегенмен, оның тұрақтылығының дәрежесі мен белгілері әр дәуірде әртүрлі). Отбасылық байланыстардың беріктігі мен тұрақтылығы отбасына сыртқы қысым көрсету арқылы қамтамасыз етіледі, ал ол қысым арқылы осы қоғамда үстемдік етуші әлеуметтік нормалар жүзеге асырылады. Бұл жағдайда отбасы әлеуметтік институт ретінде қарастырылады. Отбасының жүйесі өзінің экономикалық қызығушылық және өнегелік құндылығы мен сезімі ретінде жүретін ішкі “ілінісу күші” арқасында тұрақты бола алады. Бұл жағдайда отбасы тар психологиялық мағынада емес, бұл терминнің әлеуметтік мағынасындағы топ ретінде бейнеленіп, анықталуы керек. Бұл екі мағынаның негізгі айырмашылығы, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда топтық қоғамға қатысты, жалпыға қатысты болуында, оның тек әлеуметтік жүйеге енгізілуінде емес, сонымен бірге белгілі бір мөлшерде оны жаңадан өндіруде /2;72/. Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан отбасы, қазіргі ғылым саласы байланыстырып отырған алғашқы топтар ұғымының барлық белгілеріне ие; әлеуметтік тұрғыда ол белгілі бір жүйенің таралмауы мен әлеуметтік ерекше қызметтерімен сипатталады.
Отбасы құрылысының астарында ең алдымен негізгі элементтерінің, яғни оны құрайтын жыныстық жас тобының жәнежеке адамдардың біолігін қамтамасыз ету тәсілі жатыр. Отбасылық құрылыстың сипаты ақырғы кезекте әлеуметтік-тарихи жағдайлармен анықталады. Оның өмірінің, оның салты мен дәстүрінің, сонымен бірге оның басқа отбасымен өзара қарым-қатынасының тәртібі мен құрылысы, отбасы құрылымымен және барлық қоғаммен тығыз байланысты.
Отбасының әлеуметтік қызметінің екі негізгі қайнар көзі бар: қоғамдық талаптар мен отбасылық ұйымдасудың өзіндік қасиеті. Бұның екеуі де тарихи өзгермелі, сондықтан отбасының әрбір даму кезеңі олардың кейбіреулерінің жойылуы немесе өзгеруімен және оның әлеуметтік қызметінің масштабының сипатының да өзгеруінен пайда болған басқа қызметтермен байланысты. Бірақ қоғамның өзінің қандай да болмасын тарихи кезеңдерінде осы өзгерістермен қатар халықтың ұдайы өсуін қажет етеді. Сондықтан да ол әрдайым осы ұдайы өсіп-өнуді ұйымдастырудың формасы ретінде отбасына тәуелді. Қоғамның осы талабын қамтамасыз ету үшін отбасы қажет емес деген пікірлер де бар. Егер халықтың өсуін тек баланың тууына сыйдырсақ, онда мұндай пікірге шынында да қарсы келу қиын. Ал егер бұл өсіп-өнуді тек өндіріс тұрғысынан емес, қоғамның рухани жаңғыруы тұрғысында, тек туу ғана емес, сонымен бірге баланың осыған сай тәрбиелеу тұрғысында кең көлемде дұрыс түсінсек, онда отбасы өте қажет болады. Бала әсіресе сәби кезінде күнделікті жанаямас қамқорлықты қажет етеді. Балаға деген осындай қарым-қатынас оған әсер етудің қажетті жағдайын жасайды, оның тәрбиешісіне деген махаббатын және сенімін туғызады. Бұл бірақ тек азаматтық және қызметтік борышын орындаумен сезінудің нәтижесі емес, ол әр ата-анаға қатысты бала тағдырына деген сезімді талап етеді. Сондықтан баланың тууының фактілерінің салдары болып отырған, бала мен ата-ана арасындағы сол эмоциялық байланысты сақтауда, дамыту мен барынша қолдануда мүдделі болмауы мүмкін емес.
Осыдан барып отбасының әлеуметтік қызметінің арасындағы өзінің маңыздылығымен, ерекшелігімен байланысты және басқа ешқандай әлеуметтік институты бұрынғы нақты тарихи жағдайларда орындай алмайтын және оның орындалуына тек отбасы ғана “бейімделген” осындай айырмашылықтарды айыра білу керек. Біріншісіне, отбасының тіршілік әрекетінің өзі, оның мүшелеренің ерлі-зайыптылық, ата-аналық және олардың отбасылық жағдайымен анықталатын рөлдері жатады, екіншісіне жеке меншікті құру мен жинақтау сияқты өкімен пен экономикалық және заңдық қатынастардың өкілі ретіндегі қызмет жатады.
Басқаша алғанда кез-келген отбасында жеке және ерекше өлшемдерде қызмет етеді. Әр сәби немесе ата-ана отбасында тек қана жай сәби немесе ата-ана ретінде қарастырылмай, сонымен бірге “өзінің сәбиі, өзінің әкесі, өзінің шешесі” ретінде қарастырылады.
Бірақ қоғамның ауқымды көзқарасымен қарайтын болсақ, осы алдын ала белгіленген рөлдер жекеленген құндылықтар ақылға симайды. Мысалы, кәсіби табыс үшін қандай да бір ерекше құндылықтар емес, ең алдымен кәсіби, әскерлік, жігер, мақсат қойғыштық қажет. Оның есесіне белгілі бір әлеуметтік көзқарас қатаң бақталастық нәтижесінде қалыптасады.
Үлкен әулетті отбасында, оның үстіне басқа туыстармен байланыста болуы өндіріске кері әсерін тигізіп, қызмет тиімділігін кемітеді. Кіші нуклеарлық отбасында бұған соқтықпаудың екі түрлі мүмкіндігі бар: біріншіден, кішігірім нуклеарлық отбасы әр түрлі туысқандық байланыстарды қысқартады. Екіншіден, мұндай отбасы ішкі отбасылық кеңістікте шектеліп, одан тысқары экономикалық қызметке араласпайды.
Әлеуметтік жұмыскер үшін отбасы ішіндегі қызмет қалай жіктелетіндігі аса маңызды мәселе. Онда билік жүргізудің белгілі бір теңсіздігі бар. Отбасы мәселесін көпшілік жағдайда ер адамдар дербес шешеді. Әйелдермен ақылдасса да, соңғы сөз бәрібір ерлер жағында болады. Ал батыс әлеуметтанушылардың мәліметтеріне жүгінсек, ой еңбегімен айналысатын адамдардың отбасыларында әйелдер көбіне ерекше еркіндікке ие болады екен. Сондай-ақ еліміздің көптеген аймақтарында, әсіресе, ауылдық жерлерде бұл теңсіздік көбірек орын алады. Кейбір әлеуметтанушылардың пікірінше, биліктің осылайша дұрыс бөлінбеуін экономикалық себептердің салдары деп санайды. Өйткені ерте заманнан бері пайда табудың қайнар көзі ер адамдардың қолында болатын. Әйелдер сәбидің дүниеге келуіне орай белгілі бір уақыт аралығында жұмыс істеуді тоқтата тұруға мәжбүр болып отыратын. Қазіргі заманда кәсіби жағынан өсу, еңбек ақы табу отбасының қай мүшесі үшін болсын маңызды.
Басқаша айтқанда түбегейлі экономикалық алға жылжудың әсеріне қарамастан, отбасы үшін мәдени нормалардың ықпалы қоғамда сақталып отырады.
Отбасының қарым-қатынасына қоғамдағы әлеуметтік топтардың және ерлер мен әйелдердің арасындағы қарым-қатынастардың әсер ететінін байқамауға болмайды. Кейбір өте құнды әлеуметтік бағыттарға әйелдер мүлде ие бола алмайды.
Мысалы, жоғарғы мемлекеттік аппаратта әйелдердің саны шектеулі, жоғары Кеңесте депутат корпусында да әйелдердің үлес салмағы өте аз.
Әлеуметтанушылардың айтуынша, жекелеген әлеуметтік топтарда әйелдердің өмірі, тіршілігі, негізінен күйеуінің кәсіби қызметіне сай өзгеріп отырады. Әйелдердің отбасы бюджетіне елеулі үлес қосуына лайықты санаулы ғана мамандықтар жинтығы бар. Ол ең алдымен, басқару жұмысы, ғылыми педагогикалық еңбек, еңбектің кооперативтік немесе жекешеленген түрлері. Отбасылық қоғамдағы жаңа жағдайға сай, осы өзгрістерді асыра мақтау, сірә дұрыс болмас. Мәселе тек белгілі бір мәдени дәстүрлерде ғана емес. Мәселе қазіргі қоғамда әйел мен еркек арасында өте күшті әлеуметтік-экономикалық тепе-теңдік сақталуда.
Әлеуметтік жұмыс мамандарының алдында тұрған аса күрделі мәселелер – отбасының ыжырауы, ажырасу және т.б. Статистикаға сүйенсек некелескендердің күн сайын 4-ке жуығы ажырасады, ал сәбилердің 10 пайызын некелеспеген әйелдер дүниеге әкеледі екен. Балалар үйіндегі бүлдіршіндердің саны соғыс аяқталған кездегі балалардың санымен бірдей.
Осының барлығының астарында күрделі әлеуметтік үрдістер жатыр. Бүгін некенің өзі әркімнің өзі таңдап алатын іс болды. Оның үстіне некелесудің ең басты себебі, экономикалық немесе рулық мақсат емес, эмоционалдық, сексуалдық ынтазарлық болып отыр.
Дәстүрлі қоғамда отбасы дүниеге сәби әкелуге үлесін қосса және экономикалық дәулетке ие болса, үлкендерге құрметпен қараса ғана қалыпты отбасы есептелетін. Іс жүзінде бұл тек ішкі эмоционалды көрсеткіш қана еді. Көптеген жұбайлар осы өлшемге сай келеді.
Әлеуметтік жұмыс маманы үшін отбасындағы қайшылық мәселесі ерекше ықылас тудырады. Ондағы зорлық-зомбылық мәселесі, негізінен, күйеуінің, яғни, әкенің әйел мен балаға қарым-қатынасы мәселесі.
Бұл тек бірінің қара күш жағынан басымдылығына байланысты емес. Негізінде отбасындағы зорлық-зомбылық және оның біржақты бағытталуы экономикалық саяси және мәдени қатынастарда әлі де қалмай келе жатқан әйел теңсіздігі мен әлеуметтік қаналуына байланысты.
Қазақта “қызға қырық үйден тию; қала берсе қара күңнен тию”, - деген сөз бар. Бұл сөздің түркі мағынасы сол, қыз бала тәрбиесіне қатысты жәйттан ешкім де қалыс қалмауы керек, өйткені ол біреудің мәпелеп өсірген аяулы ғана емес, ертең ұл-қыз өсірер ана. Ендеше бойжеткен болмысынан ақау жіберуге қақымыз жоқ. Бірақ амал не, бұл күнде халықтың осынау тәрбие тілі босаң тартып барады.
Жесір әйел, жетім бала, оған қоса жезөкшеліктің белең алуы, тіпті қарғадай бала-шағасы бола тұра қарттар үйін паналап отырған кмпір мен шалдың көбеюі бүгінгі әйел болмысының қаншалықты өзгеріске түсуінің айғағы емес пе. Өйткені отбасы әобір шаңырақтың үйлесімі, түтінінің түзй ұшуы әйелге, оның парасат-пайымына байланысты. Оны мына мысалдан да айқын аңғаруға болады.
Баяғыда ағайынды екі жігіт тату тұрады екен. Бірде әлгі жігіттердің бірінің әйелі еріне: “Әй сен екеуіңнің ынтымағың жарасып отырса, ол мына біздің екі үйдегі әйелдің арқасы емес пе, - дейді. Жігіт әрине бұл сөзді мойындай қоймады. Соны сезген әйелі бірде оған, тағы да “Отағасы-ау, байқадың ба, бүгін қайынаға өз балаларына қойдың алдыңғы сирақтарын берді. Ылғи да алда жүрсін деген ниеті шығар. Ал сенің балаларыңа артқы сирақ тиді”, - депті. Оны естіген еркек өрекпіп, ағасына барып жанжал шығармақ болады. Сол кезде әйел оны орнына отырғызып: “Нсіңде ме, ағайын арасындағы ауызбірлік әйелге байланысты дегенімде, оны мойындамай кетіп едің ғой. Әйтпесе, піскеннен кейін қойдың сирағының алдыңғы, артқы екенін айыруға бола ма”, - деген екен.
Жапон ғалымы Седзабуро Кимуре өз халқының болмыс бітімін еуропалықтармен салыстыра келіп біз көздің адамы екенбіз ал американдықтар болса дауыстың адамы деп баға берген көрінеді.
Бұл сөздің мәнін тартыңқырап айтатын болсақ, жапондықтарға көз көру үшін ғана емес, сонымен бірге тілсіз-ақ түсінісе алатын тәрбие құралы істпеттес. Дәл осы арада мұндай сезімталдық әу баста қазаққа да тән қасиет екенін де айта кеткен жөн. Өкінішке орай, халықтың баға жетпес қасиетімізден, рухани қазынамыздан жұрдай болып, тоналып қалғандығымыз сондай енді міне, көз түгілі, сөзді де сезінуден қалып барамыз.
Осыдан барып отбасына ерлі-зайыптылар арасындағы, ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынасының, мүшелері некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан шағын әлеуметтік топ ретіндегі, тұрмыстық тұтастығы мен өзара моральдық жауапкершілік және халықтың өндірілуіне қоғамның физикалық жігіне рухани сұранысымен байланысты әлеуметтік қажеттіліктің нақты тарихи жүйесі деп анықтама беруге болады /2;76/.
Бұл анықтамада келесі маңызды сәттерді: отбасындағы қатынас пен отбасылық ұйымдасудың әлеуметтік-тарихи байланыстылығын; барлық әлеуметтік құбылыстарға тәр ерекшеліктерімен қатар отбасында қасиетті ерекшеліктердің сапалық қатарының болуы (отбасылық топтың аз сандық құрамы, туыстық жақындық) жұмыс тұтастығы, өзара моральдық (адамгершіліктік жауапкершілігі); тікелей тіршілікті өндіріп шығарудың екі маңызды формасының біреуімен байланысты объективті қажеттілігінің себеп-салдары болып табылатын отбасының спецификалық функциясы мен оның тіршілік етуін ерекше атап өткен жөн.
Отбасын ата-ана мен бала арасындағы қатынас құрайды, ал неке болса әйел мен еркек арасындағы сол қатынастардың, бірге тұрушылық немесе сексуалдық серіктестігінің сол түрлерінің баланың өмірге келуімен жалғасатындығынан заңды деп мойындау болып отыр /3/.
Отбасының мәнін толығырақ түсіну үшін, отбасының кеңістікте орналасуы – баспана, үй, жеке меншік және тұрмыс пен тұтынудың жіңішке көкжиегінен асатын отбасы экономикасының негізгі ата-аналар мен балалардың жалпы отбысылық іс-әрекетін есепке алу керек /3;66/.
Сонымен отбасы – бұл біркелкі жалпы отбасылық іс-әрекетке негізделген адамдардың ерлі-зайыптылық-ата-аналық-туыстық қатынаспен байланысты жинтығы, сонымен халықты өндіру және ұрпақ жалғастығы, балалардың әлеуметтенуі мен отбасы мүшелерінің тіршілік етуіне қолдау көрсету ісін атқарушы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет