Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
Меншік қатынастарының формалары бойынша: Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.
Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
Нарықтық экономика- меншікке, бәсекеге негізделеді.
Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.
Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы: Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.
Техникалық прогресс шектеулі.
Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.
Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.
Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.
Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы: Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.
Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.
Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.
Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.
Экономикада орталықтанған жоспарлау.
Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.
Орталықталынған ресурстар қоры.
Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.